14 Қараша, 2016

СҚО-да төрт сүт кешені ашылады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
СҚО-да 2 мың бас сиырға арналған төрт заманауи сүт кешені ашылады, деп хабарлайды Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы. Ақжар ауданындағы «Бекет» шаруа қожалығы симментал тұқымының 300 бас төлін алды, Айыртау ауданындағы «Прекрасное» шаруа қожалығы 200-ден астам, ал М.Жұмабаев ауданындағы «Акса-Север» ЖШС 165 аналық мал басын сатып алды. Мәмлүт ауданындағы «Мамбетов и К» толымды серіктестігі Украинадан 600 бас асыл тұқымды мал әкелуді жоспарлап отыр. Қазір облыста 14 заманауи сүт кешендері жұмыс істейді. «Зенченко и К» серіктестігі мен «Тайынша-Астық» ЖШС бір сиырдан жылына 8 мың келі сүт алады. Бұл облыстағы ең жоғарғы көрсеткіш. «Петерфельд - Агро» ЖШС, «НұрСенАгро» ЖШС және «Леонов» ШҚ 5 мың келіге дейін сүт алады. Жылқы, қой, шошқа және құс шаруашылығы да дамып келеді. Биыл солтүстікқазақстандық фермерлер 20 мыңнан астам бас мүйізді ірі қараның төлін алды. Аймақта қырықтан астам асыл тұқымды репродукторлар жұмыс істейді. Олар өткен жылы 2602 бас төл алуға көмектесті. Өңірде жалпы саны 354 мың бас ірі қара мүйізді мал, 377 мың бас қой және ешкі, 110 мың бастан астам жылқы, 196 мың шошқа және 4,9 миллион бас құс бар. Жыл сайын облыста 500 мың тонна сүт, 90 мың тонна ет және 584 миллион дана жұмыртқа өндіріледі.