11 Наурыз, 2011

Ақпараттық технология асулары

505 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Кез келген елдің ақпараттық технологияны қаншалықты меңгеріп, оның дамуын қаншалықты  жолға қойғандығына қарап экономикасының деңгейін байқауға болады десек қателеспейміз. Өйткені ақпараттық технологияның әу бастағы міндеті бұқара халықтың сұранысын қанағаттандыру, адами факторды азайтып, уақыт үнемдеу арқылы тиімділікті арттыру болып табылады. Қалаған ақпаратыңды кең жолақты ғаламторға қосылған кез келген компьютерден алуға мүмкіндіктің болуы бұрынғы табалдырықты тоздыратын сарсылыс пен қаптаған қағазбастылықтан арылтады. Ал ұсақ-түйек үшін уақыт жоғалту мен жемқорлық нышандары болмайтын жүйе барда экономиканың даму дөңгелегі біраз жерге барары сөзсіз. Қазақстан соңғы жыл­дары ақ­параттық технология саласының дамуын жіті бақылап келеді. Ба­қылап қа­на қоймай, оны ендіруге күш салуда. Бұрынғыдай емес, бі­ліммен асу алатын заман көз ілеспес жылдам­дық­пен демесек те шап­шаң дамып барады. Дү­ниенің бір бұрышында біреу бір­деңе ойлап тауып жатса, екінші бір бұрышта одан асып түсу үшін жанталас жүріп жа­тыр. Ілесу­дің өзі қиын. Өйт­кені, соң­ғы үлгідегі заманауи техно­ло­гия­ны жасап шы­ғару бір басқа, қолданысқа енгізу бары­сында оны мемлекеттік тілге бейімдеу тағы бар. Ақпарат­тық техноло­гия­ны жете меңгеру кез келген елмен иық тірестіруге мүм­кін­дік береді, сон­дай-ақ оның болаша­ғы­­­мызды ай­қын­дай­­тынын жете білеміз. Осы­дан бірнеше жыл бұ­рын­ғы кө­рі­ніс­ті еске алайық­­шы. Ауыл­дық жерлердегі он­­­шақ­ты компьютер бүкіл мектеп­тің, бір ауыл­дың жүгін арқалай­тын. Ға­лам­тор ту­ралы ой­лан­бай­тын­­­быз да. Ал енді ше? Ауыл­­­дық жерлерде ұя­лы бай­ла­ныс желісі де, ға­лам­тор да бар. Компьютер мең­­гер­гендер саны артуда. Ендігі кезекте оны үй-үйде тұр­мыс­тық қа­жеттілік­терге пай­­да­ланатын күн де алыс емес. Олай айтуы­мыздың се­­бе­бі бар. “Элек­тронды үкі­мет” пор­­та­лы арқылы түрлі анық­та­малар алу, тіп­ті ма­ңы­зды делінетін лицензия, нотариат секілді қыз­мет түр­­лері үйде де қол­же­тімді бола бастады. Бұл жағымды құ­былысты елі­міз­дің өрке­ниет­­­тер көшіне ілесуінің бас­­тамасы деп білейік. Үкімет ақпараттық технология саласына баса назар аударып, оны нақты жол­­ға қою үшін 2007 жыл­дың соңына қарай қаражат бөле бастады. Әсіресе, ауыл­­­­дық жерлерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, оны қолда­нушылар са­нын көбейту, әлеу­мет­тік маңы­зы бар анықтама­лар­ды үй­ден шықпай-ақ алу мүм­кіндігі, түрлі мемлекеттік қыз­мет­терді интернет ар­қы­лы алу бағыттары бо­йын­ша біршама жұ­мыстар ат­қа­рыл­ды. Нә­тижесінде, мем­­лекеттік элек­трон­ды жә­не сер­вистік қыз­мет көр­се­тетін “Элек­тронды үкі­мет” пор­та­лы өмірге келді. Портал бү­гінгі таңда 74 түрлі қыз­мет көрсете алады. Сон­­дай-ақ, “е-ли­цензия­лау” мем­ле­кет­тік мәлімет­тер ба­за­сы ақ­па­раттық жү­йесі құ­рыл­ды. Ел ай­мақ­тарын телекоммуникация сала­сында жо­­ғары сапалы байланыс жән­е жо­ғары жылдам­дық­тағы ға­­ламтор­мен қамтуға мүм­кін­дік беретін Next Gene­ration Net­work және CDMA секілді жоғары тех­ноло­гия­ларды енгізу жоба­лары белсенді түрде жүзе­ге асырылды. 2008 жылы “Нұр Отан” ХДП сыбайлас жемқор­лыққа қарсы фо­румында Елбасы басқару сала­сында электронды үкімет мүм­кін­­діктерін, сондай-ақ заманауи технологияларды кеңі­рек қолда­ну керектігін айт­қан болатын. Элек­тронды үкіметтің негізгі ерек­шелігі мемлекеттік қызметті көр­сету барысында азаматтар­ды шенеуніктермен тікелей кездестірмейді. Бұл сы­байластық пен пара алушылықтың жолын кесетіні айтпаса да түсінікті. Қазіргі уа­қыт­та әр облыс орталығында, қа­ла­ларда ен­гізіліп жатқан элек­тронды әкімдіктердің атқаратын қыз­меті “бір терезе” принципі бойынша жұмыс істейтін бола­ды. Басқару саласы­мен тікелей жүз­десуді бол­дыр­майтын заманауи технология дегеніңіз осы. 2009 жы­лы “Электронды  үкімет бас­та­малары” атты халықаралық кон­фе­рен­ция­да Үкімет басшысы Кә­рім Мәсімов еліміздегі интернет дамуы туралы ерекше атап өткен болатын. “Соң­ғы жылдары бірқатар сауалдар интернет да­муы, электронды үкімет төңіре­гінде жиі қойылды. Дағда­рыс кезінде, яғни қаражат тапшы кезінде бұл салаға мұнша көңіл бөл­месе де болатын еді. Өзге де то­лып жатқан мәселелер бар деген пікірлер айтылуда. Алайда, дағ­дарыс өтеді, кетеді. Қысқа құ­былыс. Одан сабақ алу керек және ел­дің бәсекеге қа­бі­летті­лігі хал­қы­ның, қоғамның, оның экономи­ка­сы келесі кезеңде қа­лай жұмыс істейтіндігіне бай­ла­нысты анықта­лады. Ал біз­­дің ойы­мызша, ақ­па­раттық ком­му­­ни­­ка­циялық тех­но­ло­гияның да­муы әлем­дегі басым ба­ғыт. Бұл салада кейін қалу елі­міз­дің бас­қа са­лаларда­ғы дамуын кейінге шегеріп тас­та­мақ”. Яғ­ни, элек­трон­ды үкіметтің да­муы эко­но­ми­каның кез кел­ген са­ла­­сының тиімділігін арт­тыруға үлес қосады. Өткен жылы Үкіметтің бай­ланыс және ақпарат сала­сын­дағы жұмысы мемлекеттік сая­сатты байла­ныс, ақпарат және пошта байланысы, ақпараттан­ды­ру саласы, электронды үкі­мет арқылы жылдам әрі са­палы жү­зеге асыруға ба­ғыт­талды. Үкі­мет­тің тұр­ғын халыққа, ұйым­дарға мемлекеттік электронды қыз­мет көрсету және ақ­па­рат­тық коммуникация са­ла­сын­да білімді дамыту бо­йынша жүргі­зіп жатқан жұмыста­рының негізгі мақ­­саты – әлеуметтік ма­ңы­­зы бар мемлекеттік қыз­мет түр­­­­ле­рін көрсету үде­рі­­сі­нің тиімділігін, ашық­ты­ғын, сапасын арт­тыру және жоғары мамандан­ған IT мамандарын дайындау. Бұ­қа­ра халық пен ұйым­дар мемлекетті элек­тронды қыз­­метті қауіп­сіз түрде алуы үшін сандық сертификаттар шыға­рыл­ды. Қазіргі таңға дейін “Электронды үкі­­мет” порталы арқылы 1,5 млн-нан астам анық­тама берілген көрінеді. Жоғарыда келтіріп өт­кен та­ғы бір мемлекеттік қызмет түрі – е- лицензиялау. Лицензия беру үдері­сін автоматтандыру мақса­тында “е-лицензиялау” мем­­­лекет­тік мәліметтер базасы ақпа­раттық жүйесі құ­рыл­ды. Жоба жүйеге лицензия беруші 11 мемлекеттік ор­ган­ның қатысуы арқылы қа­нат­қақты аймақта тәжі­ри­белік қолданысқа енгізілді. Электронды лицензиялау жүйесі арқылы 700 лицензия беріліп, 13 824  жазба қалдырыл­ған. Астана қала­сында “е-нота­риат” ақ­парт­тық жүйесі  қанат­қақ­ты түрде іске қосылды. Электронды үкімет ая­сында 10-ға жуық тәжіри­белік жобалар мен 200-ге тарта ақпараттық жүйелер іске асырылуда. Мұ­ның барлығы болашақта ел игі­лігіне айналатын қа­дам­­дар­­дың бастамасы. Қ­а­зір­дің өзінде кеңі­нен қол­да­нысқа еніп жатқан мемлекеттік қызмет түр­лері­нің саны артуы әбден мүм­кін. Пор­талды қол­да­на білмейтіндерге жер-жер­­де насихат жүргізуге баса назар аудару керек секілді. Қол­да­ну­шылар арт­­қан сайын ақпараттық технология са­ласын там-тұмдап болса да түсінетін­дер саны арта түседі. Өйт­кені, сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Венера ТҮГЕЛБАЙ.