14 Қараша, 2016

Қазақстан Шанхайда туристік көрмеге қатысты

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
c35df4651605e7f89024cf8cb4e373d2_l Шанхайда Қытайдың China International Travel Market (CITM 2016) ірі туристік көрмесі өтті. Жалпы ауданы 65 ш.м болатын Shanghai New International Expo Centre көрме кешенінде 400-ден аса халықаралық қатысушы, 600 делегация және 100-ден астам келуші болды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады. Көрмеде Қазақстанның аймақтары мен ірі туроператорлық компаниялардың өкілдері біріккен ұлттық стенд аясында ұсынылды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы қазақстандық делегацияның аталмыш көрмеге қатысуын ұйымдастырды.