14 Қараша, 2016

Өткен аптада газ өндірісі артты

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қараша айының екінші аптасында, яғни, 7-13-і аралығында еліміздегі мұнай өндіру көлемі алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 пайызға төмендеп, тәулігіне 1,66 миллион баррельді құрады. Көрсеткіштің төмендеуіне Теңіз бен Қарашығанақ кен орындарындағы жөндеу жұмыстары әсер еткен. Бұл туралы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы хабарлады. Ал Қашаған кен орнындағы өндіріс уақыт өткен сайын қарқын алғанын айта кету керек. Аталған кеніш іске қосылғаннан бергі аралықта республика бойынша тәуліктік өнім көлемі тұрақталып, жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,3 пайызға артқан. Биылғы жылдың басында тәуілігіне орта есеппен 1,50 миллион баррель көмірсутегі өндірілсе, қазір бұл көрсеткіш 1,61 баррельді құрайды. Апта қорытындысы бойынша көгілдір отын өндірісі артқаны байқалады. Бұл көрсеткіш 4,4 пайызға артып, тәулігіне 143,6 текше метрді құрап отыр.