14 Қараша, 2016

Астана өңірлік хабы аймақаралық бастамаларды қолдайды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы жөніндегі Басқармасының Дубайда өткен арнайы сессиясында Еуропа, ТМД және араб мемлекеттеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар бастамалар жарияланды. Олар осы мемлекеттер үкіметтерінің сыбайлас жемқорлық факторлары мен үдерістеріне тиімді жауап беруге әсер ететін ақпараттар пен ноу-хау алмасып, бірлескен іс-шаралар өткізуді қамтиды. Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Хабтың осы аймақаралық бастамаларға қолдау білдіретінін, олардың ұйымға қатысушы-елдердің мемлекеттік қызметін жетілдірудегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Хаб өкілдері Бірінші өңірлік ынтымақтастық форумына және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы инновациялар бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Әлихан Байменов өз сөзінде «әріптестік пен өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық – кез- келген реформаның табысты әрі тұрақты өтуіндегі шешуші факторлардың бірі. Астана өңірлік хабы құрылған күннен бастап қатысушы-елдер арасында білім мен тәжірибенің еркін әрі ашық түрде алмасуын қолдап келеді» деді. Сондай-ақ, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов БҰҰ Бас хатшысының  Уәкілі Хорхе Чедиек және БҰҰ Даму Бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық директорының орынбасары Адам Оливермен кездесті. БҰҰ өкілдері Қазақстанның Өңірлік хаб қызметі арқылы мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық және аймақаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі мен көшбасшылығына жоғары баға берді. Хабтың қатысушы елдері - 36 мемлекет, оның ішінде Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және АСЕАН елдері бар.