14 Қараша, 2016

Павлодар облысының әкімі Ақсуда болды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1 Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Ақсу қаласы мен оның ауылдық аймағында болып қайтты. Бірінші кезекте Болат Бақауов «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының нысандарын аралап көрді. Ақсу қаласында аймақ басшысы жарық түсетін күмбезіне жөндеу жұмыстары жүргізілген №2 мектепте және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген дәрігерлік-әлеуметтік мекемеде болды. Қалқаман кентінде облыс әкімі жергілікті Мәдениет үйіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесін қарады. 2 Сонымен қатар, облыс әкімі жеке тұрғын үй құрылысына арналған үш жаңа шағын ауданға инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстарымен танысты. Су құбырлары, кәріз, электр, жылу желілері және телефон байланысын тарту жобасына ағымдағы жылы 1,2 миллиард теңге бөлінді. Жоба екі жылға жоспарланған, оны іске асыру келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.      3 Сондай-ақ, Болат Бақауов Ақсу ферроқорытпалар зауытының жұмысшылары үшін салынып жатқан үй құрылысының алаңында болды. 80 пәтерлік бес қабатты үй 2017 жылдың қыркүйек айында жұмысшыларға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа үйдің жобалық құны 530 миллион теңгеге жуық соманы құрайды. Алдын ала есептеулер бойынша зауыт жұмысшылары тұрғын үйдің әр шаршы метріне 120 мың теңге төлеу арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады. 4