11 Наурыз, 2011

Жол бойында жұмыс көп

435 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Адамзат баласының тұрмыс-тіршілігі үшін ең қажетті сала­лар­дың бірі болып табылатын жол мен көліктің атқарар рөлі­нің, олар­дың уақыттың талабы мен сұ­ра­ны­сына сәйкес келуінің өте ма­ңызды болып табы­ла­ты­нын айтып жату­дың өзі артық. Осы жол мен көлік ар­қылы ха­лықтың барыс-ке­ліс қа­ты­­наста­ры­мен бірге олар­дың өзге де мұқ­таж­дық­тары мен қажет­ті­­лік­терінің өте­луі атал­ған саланың дами түсуі­мен тікелей бай­ла­ныс­ты десек жа­ңылыс­пай­мыз. Бұл тұрғы­да Көлік және коммуникация ми­нис­­­трлігі соң­ғы жыл­­дары айтар­лықтай игі жұ­­мыстар атқарып келеді. Аталған министрліктің берген мәліметтеріне сүйенсек, соң­ғы жиыр­ма жылдың көлемінде көлік саласында жалпы құны 1,5 трлн. теңгені құрайтын 57 жоба жүзеге асы­рылуда екен. Соны­мен бірге ха­лықаралық қаржы институтта­ры­нан 644,95 млрд. теңге көле­мін­де займдар тартыл­ған. Көлік-ком­му­никация ке­шені­нің негізгі көр­сеткіштерінің өсуі соңғы 10 жыл­дың ішінде біршама деңгейге жеткен. Мәсе­лен, тасымалданған жүк­тер­дің көлемі 1,3-тен 2,2 млрд. тон­наға өссе, жолаушы тасымалы 1,8 есеге көтерілген. Ал жүк айна­лы­мы 1,4 есеге, со­нымен қатар жо­лау­шы айналымы 2 есеге жоғарылаған. Ішкі жалпы өнім құрылы­мын­­дағы көлік саласының үлесі 2010 жылы 2009 жылмен салыс­тыр­ғанда 7,5 пайызға өссе, кө­лік­тегі еңбек өнімділігі 13 пайызға арт­қан. Биыл еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жос­пары жүзе­ге асырыла бастады. Онда еліміз­дің үдемелі индус­т­рия­лық-инно­ва­циялық да­муы­ның негізгі бағыт­тары бекітіл­ген-ді. Со­нымен қатар 2010 жылдың қыр­күйегінде 2010-2014 жыл­дар­ға арналған көлік инф­рақұры­лы­мын дамыту туралы жа­ңа салалық бағдарлама да қа­был­дан­ған. Атал­мыш бағдар­лама шеңбе­рінде жал­пы құны 2,8 трлн. теңгені құрай­тын 58 инфра­құ­рылымдық жоба жүзеге асырыл­мақ. Олардың қата­рын­да, «Батыс Еуропа – Батыс Қы­­тай» халықара­лық көлік дәлі­зін қай­та салу «Қор­ғас-Жетіген» жә­не «Өзен-Түркі­менстанмен ме­м­лекеттік ше­кара» темір жол желілерін салу секілді ма­ңызды жобалар да бар. Бұл жо­балардың қай-қайсы­сы да ел игілігі үшін жа­са­лып жатқан игі жұ­мыстар еке­ні ай­қын. Бұйыртса, еліміз тәуелсіз­ді­гі­­нің 20 жылдығы­на орай биыл­ғы жылдың желтоқ­санында жоға­рыда айтылған жоба­ларды пайда­лануға беру жоспар­ланып отыр. Осынау ірі жобаларды қамтитын бағдар­ла­­маның басты мақсаты, кө­лік-ком­муникация ке­шені­нің негізгі көр­сеткіштерін ілгері дамыту мен кө­лік бойынша жалпы қосым­ша құн көрсеткішін 63 па­йызға өсіруді қам­тамасыз ету екен. «Мықты бизнес – мықты мемлекет» ұранын жүзеге асыру мақ­сатында мемлекеттік органдардың барлығына бақылаудың жалпыға бірдей қағидаттары мен ережелері бекітілген. Кәсіпкерлерге әкімші­лік қысымды азайту үшін көлік саласында рұқсат беру құжат­тары­­ның көлемі 2 есеге кемітілген. Әлеуметтік модернизациялау жө­­нінде сөз қозғай отырып, Жолдауда білім беру сала­сын реформалау қа­жеттілі­гіне баса назар аударылды. Осы­ған орай Көлік және коммуникация ми­нистр­­лігінің алдын­да қа­зір­гі таң­да ерекше сұра­нысқа ие аза­мат­тық авиа­ция және теңіз кө­лі­гі үшін ма­мандарды да­йын­дау мін­деті тұр. Ма­­мандар­дың жеткілікті болуы сол са­ланы жедел дамытудың төте жолы. Еліміздің денсаулық сақтау жү­йе­­­­сін жақсарту және мыңдаған отан­­дас­тарымыздың өмірлерін сақ­тап қалу мақсатында өзекті мәсе­лелер­дің бірі көліктік медицинаны дамы­ту екені айтпаса да түсінікті. Осы ретте өткен жылы жаңа әлеу­меттік жоба – «Денсаулық» атты екі арна­йы ма­ман­­дандырылған ме­ди­цина­лық-диаг­­ностикалық пойыз­дар рес­пуб­ли­камыздың түкпір-түкпірін араласа, биыл 3 медици­на­лық по­йыз­ды ат­тан­дыру жоспарлануда. Уа­­қыты­лы медицина­лық қызмет көрсетуді қам­­тамасыз ету үшін 16 тікұшақты және аэро­жұмылғыш гос­п­италь­дар­ды жұ­мылдыру қа­жет­тігі де министрлік қаперінде. Жолдауды жүзеге асы­ру мақ­сатында автомобиль жолда­ры комитеті республикалақ маңы­зы бар ав­то­жолдардағы апатт­ы жағдай­лар­ды толық сараптаудан өткізіп, жалпы ұзақ­тығы 1,7 мың шақы­рым бола­тын ең қауіпті 16 учаскені анық­таған. Бұл жерлерде жы­лы­на шамамен алғанда 450 адам жарық дүние­мен қоштасады екен. Бұл жол-көлік оқиғаларынан қаза болған адамдар санының 36 пайы­зын құрайды. Сол себепті де жол бойында дәрігерлік- құтқару пункттерін орналастыру қар­тасын жасау қажет. Сонымен қа­т­ар, мәсе­лені түбегейлі шешу мақ­са­тында жол-көлік апаттары жиі бола­тын жалпы ұзақтығы 2,3 мың шақы­рым автомобиль жолдарын 2015 жыл­ға қарай 1-ші техникалық кате­горияға өткізу жоспарлануда. Көліктің барлық түрлерінде жы­­лына 3 мың адам, соның 97 па­йызы автокөлік апаттарында қаза болып жатқандықтан, биылғы жыл басын­да заңнамалық негізде бірқатар іс-шаралар қабылданған. Олардың қа­тарында қалааралық жолаушы та­сы­­малдарын лицензиялау мен тех­ника­лық бақылауды сапалы жүргізу жұмыстары бар. Сондай-ақ, автобус жүргізушілері­нің қажетті еңбек өтілін 3 жылға дейін ұзарту сынды шаралар да назарда тұр. Тұрғындардың өзін-өзі жұ­мыс­­пен қамту мәселесін көлік саласы бойынша жүзеге асыру үшін көлік­тік инфрақұрылымды дамыту жо­ба­ларында қосымша жұмыс орын­да­рын құру ерекше маңызға ие. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік автодәлізін қайта салу мен «Қорғас-Жетіген», «Өзен-Түр­кіменстанмен ше­кара» темір жол желілерін салу жо­баларында жүр­гізіліп жатқан жұмыстарға жергілікті тұрғын­дар­ды тарту одан әрі жалғаспақ. Жал­пы алғанда, бар­лық жобаларға биылғы жылы 60 мыңға жуық адам тартылмақ. Жоғарыда атал­­ған халық үшін ат­қарылып жатқан жә­не атқары­луға тиіс жұ­мыстар өз жемісін бермей қой­май­ты­ны айдан анық. Қол­­ға алы­­нып жатқан жо­ба­лар­ға жергілікті тұр­­ғын­дар­ды жиірек тарту, бұл жұмыссыз­дық мә­се­­ле­сін шешу­дің де ал­ғы­шарттары іспетті. Сонымен бірге, жұ­мыс­­шылардың жоба аяқталар тұс­қа дейін салада белгілі бір кәсіпті мең­геріп алуларына мол мүмкіндік туғызбақ. Жол-көлік саласында атқарылып жатқан ауқымды істердің қай-қай­сы­сы да кезек күттірмейтіні хақ. Өйт­кені, мұның барлығы да сайып келгенде, отандастарымыз бен келешек ұрпақ игілігі үшін жасалып жатқан шаруалар болып табылады.