15 Қараша, 2016

Кәсіпкерлердің көмегі

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
meshitӨңірде бүгінге дейін 67 мешіт жұмыс істеп келсе, енді олардың қатары тағы да екеуімен толықты. Алла тағалаға құлшылық ететін  қасиетті орынның бірі Айыртау ауданы Кирилловка ауылында тұрғызылды.  Оның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде   ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы  Кенжетай қажы Бай­кемелұлы Қазақстан  мұ­ыл­мандары діни бас­қар­масының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малға­жыұлының  ыстық лебізге толы құттықтауын жеткізіп, демеу­шілік қолын созған жеке кәсіпкер Ақылбай Сыздықұлына алғыс хат табыс етті. Аудан әкімі  Ағзам Тастеміров  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жұртшылық игілігіне бе­рілген мешітке тарту-тарал­ғы жасады. Есіл ауданы  Петровка елді мекенінде де   іске қосылған аспан түстес күмбездері бар  мешітке жергілікті жамағат жиналып, намазға жығылды. «Қызылжар» орталық меші­тінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, аудан әкімі Мұратбек Әбішев жылы лебіздерін білдірді. Мешіт құрылысын салуда белсенділік көрсеткен  Төлеген Қабдөшевке  алғыс айтылды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы