15 Қараша, 2016

"Астана" кəсіби футбол клубы - банкрот

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"Астана" кәсіби футбол клубы" АҚ банкрот болды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады. "Клубтың 36 миллион теңге салық қарызы бар. Оны салық заңнамаларына сәйкес өтеу әрекеттері еш нәтиже бермеді. Сол себепті Астана қаласы Алматы ауданының мемлекеттік кіріс басқармасы "Астана" футбол клубын сотқа берді, делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, істі қарастырған Астана қаласының мамандандырылған экономикалық соты "Астана" кәсіби футбол клубы" АҚ банкрот деп жариялады. Бұл процедура 9 айға жасалып отыр және шешім заңды күшіне енді. "Астана" командасының баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренконый айтуынша, бұл клубтың танымал командаға еш қатысы жоқ. "Біздің команданың заңды атауы - "Астана" футбол клубы" жекеменшік мекемесі", деді Нестеренко. Яғни, "Астана" кəсіби футбол клубы мүлдем басқа команда.