16 Қараша, 2016

«AgriTek-2016» – жаңа технологиялар мүмкіндігі

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2659_oko_2-2Шымкенттегі «Көрме» орталығында «AgriTek-2016» V халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы негізінен аграрлы аймақ болғандықтан мұндай көрмелердің өткізілуі өте маңызды. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, лентасын қиды. Өңір басшысы көрмеге әкелінген тұқым бақтарының жаңа сұрыптарымен танысып, облыс жағдайында егуге болатындығына таңдау жасады. Бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Көрмеге шетелдік компания­­лар да өз өнімдерін ұсынды. Олар ауыл ша­руашылығы техникалары мен жабдықтары, қосымша бөлшектер, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқым сұрыптары, егістікті, мақталықты түрлі зиянкес­терден қорғайтын дәрі-дәрмек, ты­ңайт­қыш, ветеринарлық технология және жылыжай өндірісіне қажетті жабдықтарды таныс­тырды. Облыс әкімі көрмені ара­лау кезінде отандық тауар өнді­ру­шілердің өз өнімін сыртқы на­рық­қа шығару тетіктерін ойлас­тырып, бәсекеге қабілетті болу мәселелері жайында ойын бөлісті. Осында шетелдік технологиялармен қатар өз ғалымдарымыздың да ғылыми ізденістерінің куәсі бол­дық. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, доцент Нұрлыбай Манабаев бас­таған ғалымдар трак­тор­ға сүй­ретпе құрылғыны таныс­тыр­ды. Ша­руалар үшін қолайлы қон­дыр­ғының жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мұны индус­триялық аймақта жасауға мүмкіндік бар екендігін айтты. Бүгінде тек Шымкенттің өзін­де үш ірі индустриялық аймақ та­бысты жұмыс жасап жатыр. Жалпы, «AgriTek-2016» көрмесі халықаралық нарықтағы жаңа технологияларды ұсынуымен ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне жақсы пайдасын тигізіп жүр. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Шымкент