17 Қараша, 2016

Маңғыстаудан табылған тас ескерткіштер ғұндардікі болуы мүмкін

1365 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

a87ff679a2f3e71d9181a67b7542122c-4

Каспий теңізінің Қазақстанға қарайтын шығыс жағалауынан шамамен 1500 жыл бұрын көшпенді тайпалар салған тас кешен табылды. Аталған кешеннің көлемі 120 га жерді алып жатыр. Бұл туралы Live Science журналы "Каспидің жағасында табылған ежелгі тастар. Оларды ғұндар қалдырған ба?" атты мақаласында жазды. Мақала авторлары - Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының археологы Андрей Астафьев пен орыс ғылым академиясының археология мен этнография институтының ғалымы Евгений Богданов.

1

Бұл ғалымдардың айтуынша, мұнда ғибадатхана мен қайтыс болған адамдарды жерлейтін орын болған. Сонымен қатар табылған тастардың ең кішісі 4×4 метр, ең үлкені 34×24 метр көлемде екен.

Археологтар "Тастардың көбі жерге тігінен орналастырылған. Онда түрлі белгілер мен суреттер салынған", деп жазыпты.

massive-stone-complex-3

Сонымен қатар мақалада күмістен жасалған ер-тоқым табылғаны туралы да баяндалған. Оның бетінде жабайы қабандардың, бұғылардың, басқа да аңдардың суреттері салыныпты. "Ер-тоқымның иесі дәулетті отбасының адамы болған шығар деп болжап отырмыз. Сонымен қатар сол белгілерге қарап оның тайпасын білуге болады. Детальдарына қарап оның қолданылмағанын, тек діни мақсатта немесе жерлеу рәсімінің бір бөлігі ретінде пайдаланылғанын айта аламыз. Бұл ер-тоқым жерленген адамдардың астынан табылғандықтан, қасындағы сүйектер одан кейін әкеліп жерленуі мүмкін деген де ой бар. Бәлкім, екеуі екі кезеңге де жататын шығар", - дейді ғалымдар. massive-stone-complex-4 Бұл кешеннің қалай табылғаны туралы да жазған авторлар Ақтау қаласының тұрғыны осы маңнан алдымен ер-тоқымның күміс әшекейлерін тауып алғанын айтыпты. Содан кейін археологтар сол жерге барып, 8 құрылыстан тұратын осы кешенді тауыпты. c81e728d9d4c2f636f067f89cc14862c-4 Бұл кешен 2010 жылы табылғанымен, белгілі бір себептерге байланысты археологтар қазба жұмыстарын тек 2014 жылы бастаған. Ғалымдар мақалада: "Құрылымның кейбір ерекшеліктері мен детальдардың формасына қарап олар көшпенді заманнан тайпаларынан қалған шығар деп ойладық. Әшекейдегі дизайн мен өрнектер Рим империясы құлаған кезеңге жатады екен. Ердің аман қалған фрагменттерін қолдана отырып  оның жалпы бейнесін қалпына келтірдік. Ердің құрылымы мен күміс бөліктеріндегі суреттер V ғасырда Орталық Азиядан Еуропаға жаппай қоныс аударған түркітектес тайпа – ғұндардың қолынан шыққан дүниені еске салады", - дейді Зерттеулер әлі де жалғасып жатыр. Богдановтың айтуынша, команда 2017 жылы күміс ер-тоқым туралы үлкен еңбек жариялауды жоспарлап отыр. Тіпті, Маңғыстаудағы бұл археологиялық қазбалар туралы фильм түсірілсе деген үмітін де жеткізіпті. massive-stone-complex-6 massive-stone-complex-5