16 Наурыз, 2011

Құттықтаймыз!

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкідей үлбіреген  қыз редакция табалдырығын ат­та­ған­да, Еуразия университетінің небәрі 1-ші курс студенті бо­латын. Қара сөздің қаймағын сапырып, көркем ойды келісті сөйлемге айналдырған жазу шеберлерінің ұстаханасы сол балауса қыздың алғашқы балаң мақалаларын да, өзін де жат­сынған жоқ. Ал­ға­шын­да редак­ция­ға тәжірибеден өтуге келген ол ұжымға тез сіңі­сіп кетті. Жұмысқа қа­был­данды. Қасиетті қара ша­ңы­рақ­тағы аға буын журналистер оған рухани дем берді, сөй­тіп бүгінде ол ойы орнықты, жазуы төселген Арай Үйре­ніш­бекқызы деген журналиске айналды. Енді, міне, сол Арай қызымыз өз ал­дына отау тігіп, басқа босаға­ның табалды­ры­ғын аттамақ. Әрбір қыздың мұраты – жақсы жар, көрген­ді келін, аяулы ана атану десек, Арай, біз саған өмір­де жолың­ның ашық болуын, осы бір өмір атты ұлы жолда өзіңе иманды жан­дардың көп­­теп кездесуін тілейміз! Бағың ашы­лып, қуа­ны­шың молайсын! Ізгі ниетпен егеменқазақстандықтар