06 Қаңтар, 2017

2016 жылы кәсіпкерлікке қатысты қандай өзгерістер болды?

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылы елдегі заңнамалық өзгерістердің ішіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, салық және кедендік заңнамалардағы өзгерістер, электронды шот-фактуралар туралы заңнамалық жаңалықтар 2017 жылдан бастап кәсіпкерлердің жұмысына тікелей әсер етпек. Айта кетейік, мемлекеттің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу мерзімі 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылған еді. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары жеке табыс салығы мен ұжымдық табыс салығы шегерімдеріне жатқызылатын болады. Зейнетақы аударымдарынан бөлек, денсаулық сақтауға аударымдар жасалады. Сондай-ақ, биылдан бастап алкогольдік өнімдер мен темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен өсетін болады. Бұдан бөлек, биылдан бастап шипажай ұйымдарының жер асты қойнауларын пайдаланушылары өндірген жерасты суларына бектілген мөлшерлемелер арзандатылды. Егер бұрын мөлшерлеме 1 АЕК шамасында болса, қазір бұл көрсеткіш 0,003 АЕК-ке тең. Естеріңізге сала кетейік, тарифті арзандату туралы алғаш болып біздің өңірдің кәсіпкерлері мәселе көтерген еді. ҰКП ұсыныстары мен талқылаулардан соң, Мәжіліс бұл түзетуді мақұлдады. Ал Салық кодексінің 427-бабына 2-1 тармақшасын енгізу келесі жылға қалдырылды. Оған сәйкес, арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, салықты есептеу және ұстап қалу (ай сайын), көпшілік мақұлдаған тәртіпте салық есебін беру (тоқсан сайын) және оны төлеу (ай сайын) бойынша салық агентінің міндеттемелерін орындаулары тиіс. 438-бап 2018 жылға қалдырылды. Ол бойынша арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес көпшілік мақұлдаған тәртіпте ай сайын әлеуметтік төлемдер төлеу бойынша агенттің міндеттемелерін орындауы тиіс. Бухгалтерлерге салық төлеушілерді салық органдарына тіркеу, аудит, тексеріс нәтижелері туралы ескертулер мен (немесе) заң бұзушылықтарды жою туралы ескертпелерге байланысты шағымдарды қарау мәселелеріне қатысты өзгерістердің болғаны белгілі. Және де бұдан былай, тауарларды жеткізуді жеделдету және сыртқы экономикалық әрекеттерге қатысушыларды шығынға ұшыратпау мақсатында Кодекстің 319-бабы бойынша қандай да бір елді-мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан келу орнынан уақытша сақтау орнына дейін, (мысалы, әуежайдан уақытша сақтау қоймасына дейін) тасымалданатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік транзит қолданылмайтын болады.