Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мұнай-газ салалары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.
Түстен кейін Премьер-Министр 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі салалық бағдарламаның жобасы қаралған кеңес өткізді.
Бағдарламаны талқылауға орталық атқарушы органдардың басшылары, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Парламент депутаттары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Бас прокуратураның өкілдері және т.б. қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.