18 Наурыз, 2011

Башқұртстан парламентшілерін қабылдады

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұха­мед­жанов Башқұртстан Республикасы Құрылтайы – Мемлекеттік Жи­на­лысының Төрағасы Константин Толкачевпен кездесті. Онда Қазақ­стан мен Ресей арасындағы байланыс, парламен­т­аралық ынты­мақтас­тық мәселелері сөз болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.­ Кездесу барысында тарихы те­рең­де жатқан туыстық байланыс­тар, рухани-мәдени ұқсастықтар жө­нінде айтылды. Тараптар бүгінгі таңда Кеден одағы шеңберінде жә­не құрылып жатқан Біртұтас эконо­микалық кеңістік аясында сауда-экономикалық ықпалдастықты да­мы­­ту жайы туралы пікір алмасты. Осы келісімдердің нәтижесінде сауда айналымы арта түсетіні анық. «Бресттен Владивостокқа дейінгі ау­мақ­тағы 170 млн.-дай тұрғынды қам­ти­тын ауқымды рынок алаңы пайда болып отыр», – деді Мәжіліс Төр­аға­сы. Сондықтан да жаңа қатынас­тар­ды реттеу үшін заңнамалық қамта­ма­сыз ету жөніндегі мәселе ерекше өзек­ті екенін байқауға болады. Мәжіліс Төрағасына кездесу үс­тін­де Константин Толкачев: «Баш­құрт­стан халқы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың бізге келген сапарын әлі күнге ұмытқан жоқ. Бізге тағы да қонаққа келсе, өте қуанышты болар едік. Осы сә­лемімізді жеткізуіңізді сұраймыз», – деді.