18 Наурыз, 2011

Ұйым жүйесіндегі тиімді институт

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Аймақтық бітімгерлік дипломатия орталығының басшысы Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақ­стан­ның БҰҰ және оның құры­лымдық бөлімдерімен ынты­мақтас­тығын одан әрі дамыту мәселелері бо­йын­ша пікір алмасылды. Ай­мақ­тық ор­талықтың қызметін жоғары бағалай келіп, Төраға орталықтың БҰҰ жү­йесіндегі тиімді институт болып табылатынын атап өтті. Қазақстан Республикасы мен БҰҰ-ның өзара белсенді іс-қимы­лын атап өте келіп, Қ.Тоқаев Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған орталық қыз­меті­не Қазақстанның жан-жақты қолдау білдіретінін айтты. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Аймақтық бітімгерлік орталығы 2007 жылы 10 желтоқсанда Аш­ғабад­та ашылған болатын. Ай­мақ­тағы елдердің үкіметтері ха­лық­ара­лық терроризм мен экс­тремизм, есірткі саудасы, ұйым­дасқан қыл­мыс пен қоршаған ортаның жағ­дайы нашарлауымен бірге, Орт­а­лық Азияға төнетін көптеген қа­тер­лерді назарға алды.