18 Наурыз, 2011

Пікір алмасылды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хат­шы­сы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғыз Респуб­ли­касының Президенті Роза Отунбаевамен телефон арқылы сөйлес­ті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелері талқыға салынып, Орталық Азиядағы жағдай туралы пікір алмасылды. Тараптар Қырғызстанға әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету жөніндегі жоғары деңгейдегі келісімдердің жүзеге асу барысын қарастырды. Өз кезегінде Р. Отунбаева Қазақстан Президенті Н. Назарбаевқа тұрақты жәрдем мен қолдауы үшін, сонымен қатар, Қазақстан ТЖМ арнайы ұшағының көмегімен 15 наурызда Қырғызстан азаматтарын Жапониядан алып шығарғаны үшін алғысын білдірді. Тараптар көпжақты пішіндегі өзара ықпалдастық мәселесін, әсіресе, Қазақстан төрағалық ететін ШЫҰ шеңберінде Астанада өтетін Ұйымның мерейтойлық саммитіне дайындық барысын сөз етті.