Қазақстаннан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің жаңа Бас директоры болып тағайындалды. Ол – бұл лауазымдағы Азияның тұңғыш өкілі.
«Тоқаев мырза Парламенттік Ассамблея қызметіне аса құнды үлес қосты және өз елі мен аймақ мүддесін көтеретін маңызды дауысқа ие болды. Біздің көптарапты үнқатысуымызға ол қосатын қомақты үлес жетіспейтін болады, бірақ біздің білуімізше, ол жаңа лауазымда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі ауқымды мәселелер бойынша жұмысты жалғастыра береді», – деді ЕҚЫҰ ПА Президенті Петрос Эфтимиу.
Өзінің жаңа лауазымында Тоқаев мырза БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Қарусыздану конференциясы жөніндегі жеке өкілі болады. Қазақстан өзінің ядролық қаруларынан 90-жылдары бас тартқан болатын.
«ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Қазақстан делегациясының Басшысы ретінде Тоқаев мырза өзін көптарапты дипломатияның сенімді жақтаушысы ретінде көрсетті. Біз онымен бірлескен жұмыстың жалғасатынына және біздің ортақ күн тәртібіміз бойынша БҰҰ-мен ынтымақтастығымыз тереңдей түсетініне сенеміз» деді ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Спенсер Оливер, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.