18 Наурыз, 2011

Тығыз әріптестік жолында

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Тәжікстан Республи­ка­сының Сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Әңгімелесуші тараптар екі­жақ­ты және аймақтық тұрғы­да­ғы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, Орталық Азия мен Ауғанстанның қауіпсіздігі сала­сындағы жағдайды талқылады. Аймақтық ынтымақтастық, тұ­рақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында Астана мен Ду­шанбе арасындағы тығыз әріп­тестікті одан әрі дамытуға мүдделілік атап өтілді.