18 Наурыз, 2011

Көктем оңтүстіктен басталады

388 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Айтып отырғаным, Оңтүстігіңізде Наурыз мерекесіне дайындық әлдеқашан басталып кеткен.  Шымкент қаласы мә­дениет басқармасының бастығы Мұрат Базарқұловтың кең­сесінің түндігі желпілдейді. Қаланың мәдениетіне жауап­тылардың бәрі осында. Наурыз мерекесін қалай өткізудің жос­парын пысықтауда. Заты орыс болса да бол­мы­сы қазақ, орыс драма театры­ның бас режиссері, наурыз-думанның да бас режиссері Игорь Бербицкий өңешін со­зып, бір идеяны тықпалайды. Нау­рыз мерекесі сценарийінің авторы Ләйла Жұмабаева қаға­зына үңіледі. Режиссер Жұма­бек Есеновтің өз ойлағаны бар. Былтыр қаланың Наурыз мерекесі Әл-Фараби алаңында өткен болса, биыл 21 нау­рыз­да қала сыртындағы А.Асқаров атындағы ипподромда жал­ға­са­ды. Қазақтың Наурызы ат жа­ры­сын­­сыз өтуші ме еді. Бәйге, Көкпар.  Қыз қуу. Аударыспақ. Ипподром ұлттық ойындарға дайын. Сырт алаңқайдағы көгалға ақшаңқан киіз үйлер тігілуде. “Нау­рыз-керуен” аталатын ду­ман­ның алғашқы 30-40 минөтін әртістердің көмегімен театр­лан­ған көріністер бастайды. Қазақ ауылы. Желідегі мама бие, құ­лын, көгендегі қозы-лақ. Әуеле­ген ән, күмбірлеген күй, хорео­графиялық топ биі. Әр киіз үй жа­нындағы жерошақтардағы тай­қазандар қазақ қонақжайлылы­ғын танытады. Наурыз-думанның түп қазы­ғы – мемлекет тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Қазақ ауылынан бас­талған салқар көш Қазақстанның бүгінгі дәуірлеген кезеңіне бетін түзейді. – Біздің еліміз кейбір мем­ле­кет­тердің жүз жылда жететін жетістіктеріне жиырма жылда қол жеткізді. Мұны шет елдегі сарап­шы­лардың өздері де айтып жа­тыр, – дейді қала әкі­мі­нің орын­басары Бақадыр На­рымбетов. – Халық осы жақ­сы­лықтарды облыс өмірі­нен де көріп жатыр. Бір Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті көрші Қырғызстан мемлекетінің жылдық бюджетінен асып жат­қандығының өзі осылай дегізеді. Сондықтан, Наурыз-думанда тәуелсіздігіміздің табысы ерекше көрсетілмек. 22 наурыз күні Наурыз мерекесі қаладағы алаңдар мен сая­бақтарда жалғасады. Облыстағы 21 мәдени ұлттық орталық­тар­дың өкілдерінің Наурызға дай­ын­дап жатқан өз бағдарламалары бар. Күн мен түн теңелетін, Са­мар­­қанның көк тасы еритін айтулы күнге облыс дайындықты бастап кетті. Қала, аудан орталықтары, ауылдар апта сайын сенбіліктер өткізіп, көшеттер егіліп жатыр. Наурыз – жыл басы. Береке, бірліктің, ынтымақтың, дос­тық­тың, алғаусыз көңілдің, мейі­рімнің тойы. Кемелденген Қазақ­станның тәуелсіздігіне жиырма жыл толған, өркениетті елдермен терезе теңестірген торқалы тойы. ...Көктем ерте келетін Оң­түстік жыл басын қарсы алуға дайындықты осылайша бастап кетті. Бақтияр ТАЙЖАН. Шымкент.