19 Наурыз, 2011

Құрметті отандастар!

465 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан хал­­қы Ас­сам­блея­­сы сіз­дер­ді жер-дү­ние­ні жа­ңар­тып, көк­тем­ді өзі­мен ерте ке­летін, Ұлыстың Ұлы күні Әз Нау­рыз мерекесімен құттықтайды! Бұл күн – күн мен түн те­ңе­сіп, жан-жануар, өсімдік біткен тү­леп, төлдеп, түрленіп, елдің ау­зы аққа тиетін, жер үстіне шат­тық ор­най­тын күн. Ата-баба­ла­ры­мыз­дың барша табиғат баласы оянып, жаңа­ратын осы мерекені жыл басы деп таңдауы да тегін емес. Біздің халқымыз үшін бұл мереке – құлпырған көктемдей жас­тық­тың, күн нұрындай шуақты ме­йірімнің, ізгі достықтың, адал ма­хаббаттың мерекесі. Тәуелсіздік таңы атқан кезден елімізде әрбір азаматтың өз бо­ла­шағын дербес құруына жол ашы­луы, барлық этностардың тату­лық пен келісімде тұрмыс кешуі, қо­ғам­дағы барша азаматтың эт­нос­тық, тілдік және кон­фес­сия­лық ерекшелігіне қарамастан, тең құ­қыққа ие болуы ежелден келе жат­қан Наурыз мерекесінің қа­ғи­дат­тарымен сәйкеседі. Біздің хал­қымыз БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӨР­КЕН­ДЕУ қағи­дат­тарын берік ұстана отырып, Тәуелсіздіктің 20 жы­лын­да тұрақ­ты да гүлденген қо­ғам орнатып ел ырысын еселей түсті. Біз терезесі тең, керегесі кең мемлекет құрдық. Бүгініміз бе­рекелі, болашағымыз несібелі бол­сын деп ішкі тұтас­тығы­мыз­ды бекемдедік. Еліміз дамудың дұрыс таң­дал­ған басымдықтарының арқа­сын­да барлық сынақтарға төтеп беріп, ор­нықты дамудың және ха­лықтың әл-ауқатын ұдайы арт­ты­рудың жо­лына шықты. Қадірлі отандастар! Наурыз мерекесі қазіргі таңда көпэтносты Қазақстан үшін бар­ша­ға ортақ, әрбір отбасының асы­ға күтетін айтулы күніне ай­налды. Мамыражай қоғамы бар, бейбітшілік пен келісім мұ­рат­та­рына адал барша отан­дас­та­ры­мыз Наурыздың салтына сай бірін бірі наурыз кө­жеге шақырып, өкпе, наздарын ескі жылға қал­дырып, төс қағысып сәлемдесіп, ашық-жарқын жаңаша қарым-қатынасын бастайды. Ел игі арманын ардақтап, жетістіктерін әйгілейтін мерекеде хал­қымыздың ынтымағы жара­сып, еліміз молшылыққа, ал әр ша­ңы­рақ – бақыт пен шаттыққа толсын деп тілейміз! Баршаңызға шын жүректен, шы­найы көңілмен бақ-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі.