19 Наурыз, 2011

Жаңару

375 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Осыдан жиырма жыл бұ­рын бізде армандар көп еді. Әрине, арман тау­сылмайды ғой. Алайда, ол кезде сол бір ар­мандар түгіл нақты қолға алын­ған істердің орын­да­ларына күмән келтірушілер де көп болатын. Енді бай­қасақ, «арман адастыр­майды» де­ген сөз рас екен. Қазір қазақ­стан­­дық­тар осы жылдар ара­лығында жа­сал­ған небір ірі істі көріп, оның игілігі мен жемісін нақты татқан соң оған көз жеткізді. Бұған дәлел де бар. Ел­басы Жол­дауын­да осы жылдар бо­йына біз қазақ­стандықт­ар­дың денсаулығын жақсарту үшін қа­жет нәрсенің бәрін жасадық деді. Халықтың денсаулығын жақ­сартуды мемлекет әлдеқа­шан қол­ға алды. «Денсаулық – зор байлық» болса,  спорт оның кепілі екендігі жүзеге асты. Денсаулықты сақтау оңай, ал оны қалпына келтіру қиын. Бірақ денсаулықты сақтау үшін, алды­мен оған қолайлы жағдай жа­салуы керек. Бұл тұрғыдан алған­да біздің елде әр қалада, әр ауданда атына заты сай жаңа заманғы ауруханалар, медициналық орта­лық­тар бой көтерді. Жазыл­мас ауруды емдеудің баспал­дақ­тары қаланды. Алматы, Ас­тана қал­а­лары­ндағы маз­мұны бір төбе, мәні айрықша медици­на­лық ор­та­лықтар – со­ның алғаш­қы ай­ғақ­­тары. Жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина орта­лық­тары құ­рыл­ды. Ондағы ма­мандардың ор­ны бөлек. Олар енді өзін-өзі да­мы­та береді. Демек, ауыр­май ұзақ жа­саудың шыңына қазақстан­дық­тар да бірте-бірте көтеріле береді. Ал сырқаттана қалған жағ­дайда ем іздейтін жер молай­ған соң, сауыққанда қайтып ауыр­­май­тын жолға түсу ең дұрыс амал болып табылады. Ауы­рып ем іздегенше, ауыр­май­­тын жол ізде дегендей, оған да біздің елде жағдай жа­сал­ғандығын жұрт жасыр­май­ды. Соның бірі Карэте орта­лы­ғы­ның қызмет­кері Ержан. Ол айтады: – Ақбұла­қ­тың бойы ме­­нің, жалпы қала тұрғын­да­ры­ның жиі келетін жері. Онда жазы, қысы күнде­лік­ті көп адам жи­на­лады. Қыс­та Ақбұлақтың беті мұз боп қатады. Жалтыраған ай­дын үстінде қарақұрым адам конькимен сырғанайды. Мөлдір ауа, тынық жел көкіректі аша түседі. Онан кейін шыңылтыр аяздың астында дене буса­нып, екі бет нарттай қыза­ра­ды. Ал жазда Ақбұлақ толқып ағады. Оның көлдей кеңей­тіл­ген тұ­сында қайықпен спорт­тық жа­рыс­тар ұйым­дас­ты­рылады. Ер­тең­гісін яки кешкісін Ақбұлақ­тың екі жаға­сын бойлай ден­саулығын түзеп жү­гірген адамдар қарасы тіптен молаяды, дейді. Рас. Бұрын бұл ара тү­бінде жылтырған суы жылап аққан, ақпаса кеуіп сасыған, жағасын өңкей қамыс басқан, қоқыс тө­гіл­ген ескі бір арна болатын. Бү­гінде оның ор­нында жоғары­да айтқаны­мыз­дай, керіле ақ­қан кішігірім өзен. Жағасына гүл бітіп, сағасына нұр жұққан соң атына сай құлпырып, өне бо­йына отырғызылған қалың ағаш көркіне, тұрғындар ден­сау­лы­ғы­ның шипасына айналды. Ел саулығы осы Ақбұлақ­тан бастау алғандай болады. Бұл жерде жастардың жұлын- құр­тына айналған есірткі зат­та­ры­ның көзін жою үрдісі қа­лыптасқан. Ішкі істер министрлігі ұрпақ тамырына балта ша­батын кеселді үзілді-кесілді кесу көріністерін осы арада көрсетті. Жастарға қылмыстан қашық бол, есірткіден ада бол деп қы­зыл сөз айтқаннан гөрі, оларға нақ­ты түрде жаманнан қашық болуға жағдай жасалған артық. Ондай жағдайдың ірге­тасы қа­ланып, шаңырағы бекіді. Со­ның бірі де бірегейі Ақ­бұ­лақ­тың бо­йындағы «Қазақ­стан» мен «Алатау» спорт кешендері. Онда жазда коньки теуіп, қысы, жазы суда жүзіп, небір спорт түрлері­мен ай­на­лы­суға болады. Бұлар әлем­дік дең­гейдегі жарыс дода­ла­ры өте­тін берекелі ордаға айналды. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын спортшыларымыз бен жанкүйерлеріміз қатары молая түсті. Соған сай елімізде барлық стадиондар қалпына кел­тірілді.  Қазір еңбектеген сә­би­ден бастап, еңкейген қария­лары­мызға дейін Қазақстанның 20 қаласын айналып өткен Олимпиялық алау эстафетасын көрді. Ол әр жүрекке ден­сау­лық шырағын жақты. Дені саудың – жаны сау дегендей, қа­­зақ­стандықтар ден­сау­лығы мық­тының жасы ұзақ, ісі таза болатындығын ұқты. «Біздің бар­лығымыз да, әр түрлі ха­лық­тардың өкілдері рухани тұр­ғыда байи түстік, жанымыз жо­­марттана түсті» деді бұл ту­ралы Елбасы. Азиаданың қар­саңында бірнеше бірегей спорт­­тық ғимараттар салынды. Конькимен сырғанау стадионы, атақ­ты велотрек, «Барыс» спорт кешені, «Астана-арена» стадион­дары және  Алматыдағы қайта әзір­ленген атышулы Медеу, Шым­бұлақтарға қоса «Таба­ған» мен «Солдатсайдағы» жа­ңа қыс­қы спорт кешендері ел игілігіне айналды. Олардың бәрі бұқара­лық спорт түрлерін дамытуға жасалған жағдай. Кез келген қазақстандық мұнда ден­сау­лық­тарын шыңдай алады. Біздің халық «Денсаулық – зор байлық» деп оны бәрінен жо­ғары қояды. Денсаулық бо­луы үшін, ең әуелі таза ауа, дұрыс тамақ және жайлы да с­апалы тұрмыс, бейбіт өмір қа­жет. Мұндай жағдай қазір бар. Еліміздің барлық түкпірінде берекелі істер қолға алынды. Соның бірі, өзгелерге үлгі-өнеге болған Астананың жасыл белдеуі. Ол бүгінде орманға ұлас­ты. Ал бір түп ағаш ай­наладағы зиянды орасан көмір-қышқыл газын сіңіріп, бірнеше адамға хош иісті дем беретінін ескерсек, тәуелсіздік жыл­да­рын­да тамыр тартып, жапы­рақ жай­ған орман, тоғайлар кеңіс­тікті кірден тазалауға қаншама саф ал­тындай самал қосты десе­ңіз­ші! Мұндай ізгілікті істер ту­ралы көп айтуға болады. Демек, Конституция­мызда елі­міз­дің бас­ты құнды­лығы адам, оның ден­сау­лығы болып табы­латындығы бірінші жазылған­дай қазақ­стан­дықтар­дың ден­сау­лығын ұзарту­дың тетігі де жасалды деген сөз, ендігі қалған міндет сол барды үзбей оңынан пайдалану ғана. Біздің басты байлығымыз – адам, оның ден­саулығы. Жа­сал­ған да, жасалар да ізгіліктің, жақ­­сы іс­тің бәрі соған арна­ла­ды. Өйт­кені, одан артық байлық жоқ. Александр ТАСБОЛАТОВ.