19 Наурыз, 2011

Шырағың сөнбесін!..

970 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
«Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты бүгінде еліміздегі офтальмологиялық қызметтерді бағыттаушы, үйлестіруші орталық болып табылады.  Осы уақыт ауанында институт жұмысы 2004 жылы халықаралық қордың «Іс тәжірибедегі жоғары сапа үшін» Алтын медалімен аталып өтілсе, 2009 жылы отандық денсаулық сақтау саласында сіңірген еңбегі үшін институт директоры Т.Ботабекова «Парасат» орденімен марапатталды. Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынгүл БОТАБЕКОВАМЕН бүгінгі әңгімеміз еліміздің офтальмология саласындағы қол жеткізген жетістіктер мен өзекті мәселелер жайында өрбімек. – Тұрсынгүл Көпжасарқызы, қос жанардың адам өмірінде ат­қа­ратын қызметі айтып жеткізгісіз. Ендеше, алдымен осы ауру­дың бүгінгі жай-жапсарына тоқ­талып өтсеңіз. – Иә, дұрыс айтасыз, көздің адам өмірі үшін рөлі ерекше, әрі ма­ңызы зор. Айналадағы болып жат­қан құбылыстарды көру таби­ғат­тың берген үлкен сыйы. Ресми мәлімет бойынша, республикада көру нашарлығымен 1 миллиондай адам тіркелсе, оның әрбір он алтыншысы ересек, әрбір сегізіншісі жасөспірім, әрбір жиырма­сыншы балалар көз ағзасы пато­ло­гиясының қандай да бір түрімен сырқаттанады. Сондай-ақ елімізде қазіргі уақытта 20 мыңнан астам көз ауруының мүгедегі бар. Мү­ге­дектіктің негізгі себептері – су қа­раңғы (глаукома), аурудың опти­ка­лық күшінің сәйкес келмеуі (рефракция аномалиясы), көзге ақ түсу (катаракта), қан тамырларының оф­тальмпатологиясы болып табыла­ды. Ал балалар мен жасөспі­рім­дер­де көп ұшырасатыны – жақыннан көрмеу­шілік (миопия). Балалардың көз ау­руы­на қатысты мына жайтты айта кетейін. 2002 жылдың Ден­саулық жы­лы болуына байланысты республи­кадағы 12-18 жасқа дейінгі жасөс­пі­рімдер денсаулығын тексеруден өт­кіз­генбіз. Осы зерттеу қорытынды­сында барлық аурулар­дың ішінде көз ауруы үшінші, ал Алматы қаласы бойынша жасөс­пірім­дер бірінші ор­ын­ға шығуы, көп нәрсені аңғартса керек. Еліміздегі офтальмолог маман­да­рына келсек, бүгінде кадр жетіспеушілігі өткір мәселе болып отыр. Қа­зір республика бойынша 1000 дәрі­гер-офтальмолог жұмыс жаса­ған­мен, 160 ауданға небәрі 129 дәрі­герден ғана келеді. Сондықтан да 10 мың тұрғынға қажетті 0,7 дәрігердің ор­нына, небәрі 0,2-ден айналуда. Әсі­ресе, балалар офталь­мо­логының тап­шылығы айқын сезілуде. Егер Қа­зақстанда небәрі 167 балалар дәрігері болса, елді-мекендерде тек 6 маман ғана қызмет істейді. Жақсы бір жа­ңалығымыз, 2010 жылы Қазақ көз аурулары ҒЗИ-дың Астана қаласында фи­лиа­лы ашылды. Бұл Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы тұрғын­дарға қызмет көрсетуге үлкен мүм­кіндік туғызып отыр. – Ал елімізде көзі мүлдем көрмейтіндер саны қанша? –  Республикада қазіргі уақытта ресми түрде 7 мыңнан астам мүл­дем көрмейтін және нашар көретін балалар тіркелген. Республиканың 14 об­лы­сында 8 ғана маман­дан­дырылған мек­теп жұмыс істеуде. Ондай ар­на­йы мектептер мен балабақшалардағы күр­­делі мәселелер – жалпы оқу не­гіздерінің нашарлығы, білікті маман­дардың жеткіліксіздігі, қазақ тілінде оқитын балалар үш­ін коррекциондық бағыттағы бағ­­дарламаның жоқтығы, үйден оқитын балалардың дайын­дық­та­рының жет­­кіліксіздігі (аттестат­та­рында 4-5 пән ғана) болып та­былады. Соңғы жыл­дары республикада тифлопедагогика мамандығы бойынша бір­де-бір маман дайын­далған жоқ. Қа­зақ­стан­ның жоғары оқу орындарында кө­зі көр­мейтін 2 адам, ал рес­пуб­лика­лық медицина колледжінде 16 адам мас­сажист мамандығы бой­ын­ша оқиды. – Институт еліміздегі көз ау­рулары ғылымымен айналы­са­тын бірден-бір ғылыми мекеме. Ендеше, институт қандай жұмыс­тар атқарып, қандай жетістіктерге қол жеткізе алды? – Қазақ көз аурулары ҒЗИ – еліміздегі байырғы бірден-бір ғылы­ми-практикалық, әрі офтальмология қыз­метіндегі негізгі орталық болып са­налады. Мұнда көз ағзасы пато­ло­гия­сын емдеу және диагностика жасауда қазіргі заманғы жаңа әдіс­темелер қолданылып, енгізілуде. Сон­дай-ақ, ғылыми-зерттеу, емдеу-сауық­тыру, ұй­ымдастыру-әдісте­ме­лік, әрі педа­го­гика­лық жұмыстар атқарылады. Соң­ғы жылдары диаг­нос­тикалық мүм­кіндіктер анағұр­лым кеңейді. Институтта кең көлемде көпте­ген хирур­гиялық емдеу жолдары жүр­гізіледі. Мәселен, ультрады­быс­тық әд­іспен катарактаны алып тас­тауды алайық. Егерде бұрын катарактамен ауырғандар оның жетілетін уақытын күтетін болса, енді жа­ңа тех­но­ло­гия­ны қолдану нәтиже­сін­де ауру ту­ын­да­ған кезінде операция жасауға бо­лады. Суқараңғы­лық­ты жаңа хирур­гия­лық әдіспен емдеу, торлы қабық­тың ауруларын, екінші қайтара ка­та­рактаны, суқа­раң­ғы және т.б. көздің қан тамыр­лары ауруларын лазермен ота жа­сайды. Сонымен бірге, көз қылилы­ғының күрделі түрлерін бол­дырмау үшін жетілдірілген хирургия­лық техника, миопия мен көздегі әр түрлі рефракцияның аралас кездесуін (астигматизм) емдейтін жаңа әдіс­тер, көз жарақатынан кейінгі операциялар, т.б. емдеу әдістері қолда­ны­лады. Яғни, институтта офтальмология диаг­ностикасы мен емдеудің жаңа тәсілдері үздіксіз даму үстінде. Жыл сайын институт көлемінде 4 мыңнан аса науқас жоғары ма­ман­дандырылған көмекті алады. Олар­дың елу пайызы бір көзі асқынған ауыр патологиялы науқастар. Жы­лы­на 5 мыңға жуық операция жаса­лы­на­ды. Республикада 2010 жылдан Бі­рың­ғай ұлттық денсаулық сақтау жү­йе­­сі енгізілгені баршаға аян. Міне, осы жүйемен былтырғы жылы институтта 5007 адам ем алды. Осы жыл­дан бастап институтта күндізгі стационар бө­лімі жұмыс істеп, онда Ал­маты қа­ла­сының мыңнан аса тұрғы­ны емделді. – Бізді таңғалдырған жайт, институтта көзге жасалатын трансплантация. Бұл тәжірибе қашан­нан жасалып келеді, оның мүм­кіндігі қанша­лықты? –Жалпы көз трансплантациясы дегеніміз – толық мүшені емес, тек донор көздегі тінді көшіріп отыр­ғы­зу. Мәселен, көздегі мөлдір қабық­тың ағаруы болғанда, донордың мөл­дір қабығын алып алмастырады. Сон­дай-ақ, көздің түбіндегі тор қабықта өз­геріс болғанда эмбрион тіні алы­нып, тор қабықтың астына енгізіледі. Өйткені, эмбрион тінінде биология­лық активті заттар көп. Бұл әдістер ауруға әр түрлі емдер, дәрі-дәрмек­тер көмектеспеген жағдайда ғана қол­данылады. Сондықтан, бұл көзді емдеу­дегі ең соңғы әдіс болып табылады. – Бүгінде институтқа келушілер бұрын тек квотамен, қазіргі кезде Ұлттық бірыңғай жүйеге көшуімізге байланысты жолдамамен емделетін болғандықтан, олар­дың саны шектеулі деген сөз. Ал көз ауруымен сырқаттанатындар саны жыл сайын көбейе түсуде, осы тығырықтан шығудың жо­лын іздестірдіңіздер ме? – Көз қос ағза болып саналады, сондықтан патологияда екі көз бірдей жарақаттанады. Бүгінде база­лық жүктемеде бір көзді емдеу ғана кірген. Институтқа шалғай аймақ­тар­дан аурудың асқынған түрімен түсетіндіктен, олардың қатты за­қым­данған көзін емдейді. Ал екіншісін емдеу үшін қайта жолдама алу керек. Алыстан келгендерге бұл өте қолайсыз. Институтқа жатқызып ем­деудің қиындығы, облыстық денсау­лық сақтау басқармалары бюджеттік қаржыны өз аймағында сақтап қа­лу­ға мүдделі. Ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын көз бөлім­шелері қаржының аздығынан келіп жатқан аурулардың бәрін емдеуге мүмкіндігі жоқ. Мысалы, Ақмола облысында катарактамен ауырған­дар жоспары шұғыл емдеуді 6-8 ай күтуіне тура келеді. Бұдан шығатын жол – көп ау­мақты құры­лымды дамыта отырып, респуб­ликаның шалғай аймақ­та­рын­­дағы тұр­ғындарға жоғары ма­ман­дан­дырылған медициналық кө­мек­ті жа­қындату. Қазіргі уақытта қашықтық­тан ке­ңес беру (телемедицина) жүйе­сі да­мып келе жатыр. Әсіресе, шал­ғай телемедицина жаб­дықтары мем­ле­ке­ті­міз­­дің бүкіл об­лыс орталық­та­рын­да орналасқан. Осы жүйе бой­ын­ша ма­мандандырылған кеңес беру мүм­кін­дік­теріміз бар. – Бүгінде медицина қай салада болсын қарыштап даму үстінде. Осы ретте мамандардың білімін жетілдіруде қандай шаралар ат­қа­рылуда? – Бұл мәселе қашанда бізде күн тәртібінен түспейді. Институт өз қыз­меткерлерінің біліктілігін көте­ру­ге көп көңіл бөліп, олардың алыс және жақын шет елдерде білімдерін көте­ру­ге жағдай туғызуда. 2004 жы­лы инс­титутта «WETLAB» опера­циа­­лық-жат­тықтыру орталығы аш­ылды. Мұн­да негізінде дүниежүзіне танымал ғалымдар­дың қаты­суы­мен аймақтық офтальмологтар үшін үнемі шеберлік кластары, тренингтер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ институт «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарла­ма­сы шеңберінде аймақтағы глаукома бөл­мелерін жабдықтау жобасын жаса­ды. Және де перинаталды орта­лықтардағы шала туған ретино­па­тиясы бар нәрес­телер үшін мамандан­дырылған бөл­ме­лер ашу жобасы әзірленіп жатыр. – Әңгімеңізге көп рахмет. Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20