Қазіргі балалардың өзі ойыншықпен ойнамайды. Қайран, балалық шақ! Ата-ананың ойыншық сатып алуға кететін ақшасы қазір ұялы телефонға, оған салынатын төлемдерге жұмсалуда. Компьютер мен ұялы телефоннан бас алмайтын ұрпақтың, бала болып далада доп теуіп, құрбыларымен тай-құлындай тебісіп өспеген өркеннің сұрқайы тіршілігі бұлай сырғи берсе, бара-бара олардың ақыры не болады деген сұмдық ой санаға инедей шаншылады. Интернетіңізді тым еркіне жіберіп қойған қалай болар екен деген сұрақ туады. Ешнәрсенің мәнін әлі толық түсінбейтін баланың миына оқымай-тоқымай берілетін бұл нендей құдіреттің күші дейсіз лажсыздан. Таңданасыз. Таңырқайсыз. Таңдай қағасыз. Таппайсыз. Рас, жойқын ағысқа енді тосқауыл жоқ. Оған бүгін жабылып қарсы күрес ашу қажетсіз. Қайта зиянын азайтатын, пайдасын көбейтетін жол іздеу әлдеқайда қымбат-ақ. Мұнсыз қазір адам бір минут өмір сүре алмайтын халге жетті. Үйде жарық өшіп қалса діттеген жұмыс бітпей, көзбен бірге аяқ-қолдың да қатар байланатыны сияқты, интернет, компьютер бүгінде көпшілік үшін сондай өте қажет мүлікке, құндылыққа айналғаны шындық. Лайым тиімді, пайдалы жақтары молайып, игілік пен ізгілікке тұрақты қызмет ете бергей! Ал енді бірақ, солай бола тұра мұның кері әсерлері туралы құлаш-құлаш мақалалар жазылғанына қарамастан, әттең, нәтиже кемшін. Интернетте көп отыра бергеннің денсаулыққа келтірер қауіп-қатерлері мен зардаптарынан бұрын оның бүгінде мұнан сан есе зиянды, небір өрескел түйткілдері белең алып келеді. Басқа айналысатын шаруалары жоқтықтан кейбіреулер күндіз-түні жұрттың жазғандарын «бағып», қарама-қайшы пікір, шатпақтарын жазып әуреленуден шаршамайды. Ел арасында үлкен құрметке ие, сыйлы азаматтардың намысына тиетін қауесет те ішінде өріп жүр. Жағалай аузына келген сөзді ақтара салып жатқан жандар қаншама. Жә, бұларды қойшы, бәрінен де тырнақ астынан кір іздеп, ұнатпаған адамдарын желіде тұқыртып алуды әдетке айналдырған әккілердің әдепсіз сөздеріне қарадай күйінесіз. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетедінің» кері. «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқтықтан» олардың сөздерінің дұрыс-бұрысы елеп-екшелмей тарап жатыр. Бұлай ғайбаттауға тыйым салатын заң жоқ. Ақ матаға қара күйе жағылса да бәрібір... Арызды баяғыда адамдар ресми органдарға жолдайтын. Әділетсіздіктен зардап шегіп, барар жер, басар тауы қалмаған тағдырдың мұң-зары баяндалған, тиісті органдардың табалдырығын ақиқат аңсап тоздырған жандардың жанайқайы жарияланған арыз туралы емес, біздің бұл жердегі қозғап отырған әңгімеміз қарадай біреуге соқтықпаса, қараламаса, жала жауып түртпектемесе, артынан арыз жазбаса жүре алмайтын пенделердің теріс әрекеті туралы болып отыр. Бұл – кеңес дәуірінен келе жатқан ауру. Ол кезде мұндай шағымдар билік орындарына жазылса, ал бүгінде Құдай бетін аулақ қылсын, әлеуметтік желі арқылы сондай орынсыз ғайбат сөздің, жаланың салдарынан бүкіл әлемнің алдында қара бет болуың леп-лезде. Жақында бір әріптесім көптен бері хабарласпай кеткен ауылдас танысым телефон шалды, деді. «Ақшалай көмек беруге қазір өзімде де артық ақша жоқтығын айтқанымда, мені қатты жазғырды. «Сен туралы артыңнан әлеуметтік желіге сын жазамын, жалпақ жұртқа сырыңды бүкпесіз жайып, абыройыңды айрандай төкпесем, түгенше деген атым өшсін», деп қоқан-лоқы көрсетті. Желіні кей пысықтардың қорқытудың құралы етіп пайдаланып жүргендерін көріп-біліп жүрміз. Оларға біреудің сыртынан жалған өсек-аяң таратқандарың үшін жазықтысыңдар деп жатқан жан бар ма? Мен түк дерімді білмей, аңтарылып қалдым. Апыр-ай, құрғыр ақшаға бола соншама көңілге қаяу түсіріп, кісіні бостан-босқа сөгуге бола ма? Шынымен солай сыртымнан лақап әңгіме таратылса, оның қазір ақ-қарасын тексеріп жатқан кім бар, жалпақ әлемге жарияланып кете барады. Құдайдан қорықпаған адамдармен қалай күресесің?! Ауылымнан, достарымнан ұят-ау,.. деді ұнжырғасы түсіп... О, тоба, біреудің төгілген көз жасынан, қайғы-қасіретінен энергия жинай ма екен адам. Әлеуметтік желідегі соқыр тауықтай жарқабаққа соқтыққан мұндай жандарға арнап айтылар сөз: қорқытып, үркітудің құралына айналдыратын ойыншық па саған интернет. Қарашаш Тоқсанбай, «Егемен Қазақстан»
Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Медицина • Бүгін, 12:20
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:05
28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:50
Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30
Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты
Үкімет • Бүгін, 11:10
Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:00
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Спорт • Бүгін, 10:54
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Бизнес • Бүгін, 10:40
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 10:27
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:17
2026 жылғы қаңтарда Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 09:54
Алматыда 60 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады
Медицина • Бүгін, 09:37
28 желтоқсанда еліміздің екі облысында жолдар жабылады
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду Сауд Арабиясында кездесті
Спорт • Бүгін, 09:05