Италия мен Испаниядағы ауа райының қолайсыздығы солтүстік Еуропа елдерінде көкөніс тапшылығына әкелуі мүмкін. Себебі күн көзінің шықпауы мен ауа райының салқындығы көкөніс шығымына кері әсерін беріп жатыр, деп жазады ВВС. Әсіресе, асқабақ пен ұшпа егетіндер көп зардап шеккен.
Басылымның хабарлауынша, Испанияның оңтүстік шығысы мен Италияның оңтүстігінде қырыққабат егістігі түгелдей дерлік шығынға ұшыраған.
Испанияның Мурсия өңірінде бұрыш егістігі жауынның көптігінен шықпай қалған. Испанияның бұл өңірі қысқы маусымда Еуропа сұранысының 80 пайызын жабатыны белгілі.
Қазіргі таңда Еуропа сауда орындары енді көкөністі сатып алатын Еуропа мен АҚШ-тағы өзге де көздерді іздестіруде. Алайда, Британияда қазірдің өзінде баға 25-40% қымбаттап кетті. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш тағы ұлғаюы мүмкін.
Tesco бөлшек сауда желісі өкілдігінің мәліметінше, алдағы уақытта тапшылық болуы әбден мүмкін.