25 Наурыз, 2011

«Даму» көрсеткен демеу

393 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мүмкіндігі шектеулі жандар да шағын кәсіпкерлік­пен айналысуға ынта таны­тады. Алайда, екінші дең­гей­дегі банк­­тер оларға несие беруге құ­лықты ма? Бір мүшесінің кемдігі бар жан­дардың сөзіне құлақ түр­сеңіз, банктер олар­дың несие алғанын қаламай­ды. Сол себептен қоғамдық дамудың үрдісінен қалғысы келмейтін мүмкіндігі шектеулі жан­дар «Даму» қорынан көмек сұрайды. Ал бұл қор мүге­дектерді қолдаудың бас­қаша әдісін қолға алды. Яғни, қар­жылай емес қолдау бағ­дар­ла­масы аясында мүге­дек-кәсіпкерлерді ынталан­дыру, жаңа кәсіп ашып, кеңейту үшін қажетті құрал-жабдық­тар алып беруді жал­ғасты­ру­да. Қор бұған дейін 9 адамға демеушілік көмек­пен құрал-жабдықтар берілуіне ұйытқы болған екен. Енді таяуда тағы да бір топ мүмкіндігі шектеулі жан­дарға демеуші табы­луына дәнекер болды. Бұл жолы Атыраудың әр ауданынан өтініш білдірген 7 адамға  «Денге энерджей» ком­паниясының бас демеушілігімен әртүрлі құрал-жаб­дық­­тар алынып берілді. Мәсе­лен, Батырбек Сағын­ға­лиев пен Бақтыгүл Дәу­лет­баева шаштараз салонын ашып, шаш қию кәсібіне маман­данбақ екен. Роллан Кариннің ыңғайы фотосурет түсіруге келіп тұр. Ал Марат Сәр­сенғалиев ағаш­тан түйін түю­дің шебері атанбақты қаласа, Мүтәш Қайреденов тұрғын­дар­дың анықтама, құжатта­рын бірнеше данаға көшіріп беру арқылы өз кәсібін жан­дан­дарудың алғашқы қа­да­мын жасамақ. Бұлардың бар­лы­­ғына да қажетті құрал-жаб­дықтар тарту етілді. Мүмкіндігі шектеулі жан­дар ойлаған мақсаттары іске асатынына бек сенімді. Тіпті жүздерінен қуаныш­тың лебі байқалады. Әсіре­се, 5 дом­быраға ие болған Бақтыгүл Ғинаятованың қуа­нышында шек жоқ. Ол бұған дейін «Өмір гүлі» ат­ты ансамбль ашып, музы­каға бейімі бар мүмкіндігі шектеулі жандар­дың басын қосу ісіне белсене аралас­қан екен. Енді мектеп жасындағы мүмкіндігі шек­теулі балаларды қазақтың қоңыр домбырасында ой­нау­ға үйретпек. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.