18 Қаңтар, 2017

Астанада жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы өсті

2854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа жылдан бастап жастар практикасынан өтуге Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгенген оқу орындарының түлектеріне төленетін жалақы 71 900 теңге құрайды, деп хабарлады abctv.kz. Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының уақытша жұмысқа орналастыру бөлімі басшысы Қаламқас Күлшиманованың айтуынша, жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидияланады және білім беру түлектеріне алғашқы тәжірибе алу үшін жүргізіледі. Жастар практикасы – бұл алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатымен жүргізілетін оқу орындарының түлектерін уақытша жұмысқа орналастыру. Өткен жылы жастар практикасына 661 түлек жұмысқа орналастырылған. Ол кезде жалақы 53 800 теңгені құраған. Ал биылғы жылы жастар практикасының жалақысы 71 900 теңгені құрады. Барлық әлеуметтік шегерімдерді ескергенде жастар практикасына қатысушылар 60 684 теңге алатын болады. Айта кетейік, жастар практикасына соңғы үш жылдың түлектері, жұмыссыз ретінде тіркелгендер және олардың жасы 29-дан аспағандар жолдана алады. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек келісімшартына отырады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.