18 Қаңтар, 2017

Ақан Сатаев Томирис туралы фильм түсіреді

1130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Battle-between_Tomiris_Kir Танымал режиссер Ақан Сатаев сақтардың көшбасшысы - Тұмар ханшайым туралы тарихи фильмді түсіруді жоспарлап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Иә, дәл осы киноны түсіруге үлкен ниет бар. Біз әлемдік тарихты өзгерткен тұлғалар туралы тарихи фильмдерді түсіруіміз керек. Осыны тиісті деңгейде, халықаралық дәрежеде жасай алатын болсақ, халықтың көңілінен шығып қана қоймай, фильмге кеткен шығынды да толығымен ақтай аламыз. Ондай картиналарды Таяу Шығыс, Америка және тағы басқа елдерге халықаралық прокатқа шығаруға болады», - деді Сатаев. Оның айтуынша, бүгінде фильмнің синопсисі, яғни сценарийдің қысқартылған нұсқасы дайын. Қаржы мәселесі әлі шешілмеген. Дегенмен, режиссер түсіру жұмыстарын ағымдағы жылдан қалмай бастауға ниетті. Айта кетейік, есімі ежелгі жазбаларда кездесетін Томирис сақтардың байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы.