18 Қаңтар, 2017

«Шахтер» командасына төрт легионер келуі мүмкін

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
shakhter Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Шахтер» бірнеше легионерді сынақтан өткізіп жатыр. Бұл туралы kazfootball.kz хабарлады. Олар: 27 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Лазар Марьянович («Динамо», Батуми), 28 жастағы англиялық қорғаушы Олукореде Айегбуси (АФК Юнайтед, Швеция), 28 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Милан Стоянович («Металац», Сербия) және тағы бір жартылай қорғаушы Марко Станоевич («Рад», Сербия). Өткен маусымдағы легионерлерден Түркияда Юлиус Сзоке, Никола Василевич және Иван Садовничий дайындық жұмыстарын жүргізуде.