2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылым мен тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5 673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады primeminister.kz.
Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і – бағдарламаға қатысушылар.
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында Қазақстанда тұрмыстық-коммуналды шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы салаларына жататын нысандар салынып, жөндеуден өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінді.
• 18 Қаңтар, 2017
2016 жылы 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Кеше