18 Қаңтар, 2017

Паралимпиада жүлдегерлері бейнеленген пошта маркалары шықты

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазпошта Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада жүлдегерлеріне арнап пошта маркаларын шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.  "Қазпошта" АҚ "Спорт" топтамасындағы маркаларда Рио-де-Жанейродағы XV Паралимпиадалық ойындардың жүзуден чемпионы және әлемдік рекорд иегері Зүлфия Ғабидуллина, Рио-де-Жанейродағы XV Паралимпиадалық ойындардың пауэрлифтингтен күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева бейнеленген. Пошталық айналымға енгізу салтанатты рәсіміне Зүлфия Ғабидуллина мен Раушан Қойшыбаева, ҚР Паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов қатысты. "Осылай бізге көңіл бөліп, елеп-ескеріп жатқандарыңызға көп раxмет! Өткен Паралимпиадада жүлде алып келгеніміз үшін, қай жерде болсақ та, Олимпиада чемпиондарымен тең қарағандарыңыз бізге үлкен қуаныш сыйлайды, дәрежеміз қатар келе жатыр. Бұрын-соңды болмаған мұндай жағдай. Енді біздің есімдеріміз Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге тарайды. Сол үшін Қазпошта ұжымына зор алғыс!", - дейді Р. Қойшыбаева. "Пошта маркаларында бейнеміздің шыққаны көңілімізге қуаныш сыйлап отыр. Мүмкін қазақстандықтар маркалардағы Паралимпиада спортшыларын көріп, спортпен шұғылдануға, мақсат қоюға талпыныс жасайды деп сенемін", - деп атап өтті З. Ғабидуллина.