18 Қаңтар, 2017

Ақмола облысында Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасы салынуда

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20170118154755 Ақмола облысы Бұланды ауданында Индустрияландыру картасы шеңберінде еліміздегі және Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасының құрылысы жүргізілуде. Бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагин ауданға жұмыс сапары барысында аталған нысанның құрылысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінің директоры Алексей Шевченконың айтуынша, болашақ құс фабрикасы 2015-2019 жылдар аралығында екі кезеңмен салынып бітпек. Жобаға құйылатын инвестицияның көлемі 39 миллиард теңге шамасында. ???????????????????????????????????? Жобаны жүзеге асыру барысында «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы-2020» және «Агробизнес-2020» тәрізді мемлекеттік бағдарламаларға қатысу көзделіп отыр. Құс фабрикасын салу жаңадан тұрақты 700 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Бұланды ауданының қуат көздерімен және сумен жабдықталу жүйесін нығайтады, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына септігін тигізеді деп болжанып отыр. Жоба желілік құрылыс кестесіне сай, алдымен инкубатор пайдалануға беріліп, әрқайсысында 6 тауықхананы біріктіретін 8 алаңқай, құс етін әрі қалдықтарды өңдеу зауыты мен бөлімі, экологиялық және технологиялық қондырғыларды орнату іске асырылады. Қазіргі кезде нысаның іргетасы қаланып, инженерлік коммуникация жүйелері тартылуда. «Біз бройлер өсірумен және құс етін терең өңдеумен айналысатын боламыз. Жоба бойынша кәсіпорын жылына 60 мың тонна құс етін өңдейтін еліміздегі ең ірі құс фабрикасына айналуы тиіс», - дейді Алексей Шевченко. Құрылыс алаңында болған облыс әкімі маңызды жобаны жүзеге асыру өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, өндірісті дамытуға серпін беретінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аталған құрылысқа кезең-кезеңімен бөлінетін қаржыны мерзімінде толық игеру мәселесі де сөз болды.