18 Қаңтар, 2017

Диабетке шалдыққандар тоғыз жыл аз өмір сүреді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
diabet Қытай елінде диабет ауруына шалдыққан тұрғындарды зерттеген ғалымдар дені сау адамнан тоғыз жыл аз өмір сүретінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады. «Аспанасты халқының арасында диабетке шалдыққандардың қатары күн санап артып барады. Қатерлі аурудың алдын алып, тиісті шаралар қолданбаса, қайтыс болатындардың саны күрт көбейеді», – дейді Оксфорд университетінің ғалымы Чэнь Чжэнмин. JAMA журналына жарияланған мақалада әлемнің дамыған елдерімен салыстырғанда Қытайда осы дертке шалдыққандардың көбейгенін жазған. Мамандардың айтуынша, соңғы ондаған жылдардың ішінде төрт есеге артыпп, 100 миллион адамға жеткен. Чжэнминмен оның әріптестері диабет ауруының халық денсаулығына қаншалықты кері әсерін тигізіп, демографиялық жағдайына өзгеріс әкелетінін зерттеген. Бұл үшін олар қарапайым адамдар мен диабеттердің өлім көрсеткішіне назар аударып, науқастардың орташа есеппен қанша жылын жоғалтатынын білуге тырысқан. Осы үшін бес ірі қала мен бес провинцияда тұратын 30-79 жас аралығындағы 500 мың адамды зерттеген. Нәтижесінде қалалықтар шамамен 8 жылға, ал провинциялықтар 10 жылға аз өмір сүретіні белгілі болды. Бақылау кезінде дені сау адамдарға қарағанда шамамен екі есе көбірек қайтыс болған. Чжэнминнің айтуынша, диабеттің салдарынан адам инсультқа, ишемияға, ісіктің бірнеше түріне, бүйрек, бауыр ауруларына бейім болып келеді.