18 Қаңтар, 2017

Төмен калориялы диета адам өмірін ұзартады

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Медисондағы Висконсин университеті мен АҚШ Ұлттық қартаю институты ғалымдары төмен калориялы диета адам өмірін ұзартатынын айтты. Ғалымдар бұл тұжырымға келу үшін екі маймылға сынақ жасаған. Мақала Nature Communications журналында жарияланды. "Зерттеу қорытындысынан байқағанымыз, көп калориялы тамақтан бас тарту өмірді ұзартып, қарттықпен бірге келетін сырқаттардың алдын алады. Дегенмен, оның қартаюдың жеделдігіне қалай әсер ететіні анықталмады," - делінген тұжырымдамада. Висконсин университетінде 76 маймылға жасалған сынақта түрлі институт ғалымдарының тұжырымдамалары әр түрлі болып, біріне бірі қайшы шықты. Бірінші зерттеу қорытындысы бойынша көп калориялы тамақтан бас тарту қартаюдан сақтайтыны анықталса, екінші бір топ ғалымдар диетаның өмір ұзақтығына әсер етпейтінін айтады.