18 Қаңтар, 2017

Мұнай бағасы апталық минимумға құлдырады

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана уақытымен сағат кешкі 17:00-де Брент маркалы қара алтын құны 54,73 долларға арзандады. Таңғы сессияда 55 доллардан астақан Брент мұнайы апталық минимумға құлдырап отыр. Апта басынан бері мұнай құны 55 доллардан түспеген еді. Ал қазіргі баға соңғы рет 11 қаңтар күні кешкі сессияда тіркелген еді. Ол кезде мұнай бағасы 53,90 доллардан 55,50 долларға күрт қымбаттаған болатын.