«Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бірыңғай акционердің шешімімен («Зерде» ұлттық коммуникациялық холдинг» АҚ) «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Тілешов Тілеужан Темірәліұлының және «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлының құзыры мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Директорлар кеңесінің мүшелігіне Хамитов Бекболат Сәбитұлы қабылданды. Чокин Таир Қанатұлы «Қазтелерадио» АҚ тәуелсіз директоры қызметін қатар атқаратын болады.
Хамитов Бекболат Сәбитұлы «Зерде» ұлттық коммуникациялық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
1995 жылы Алматы қаласында Республикалық физика-математикалық мектепті тәмамдады.
2002 жылы АҚШ-тың Массачусетс Университетінде менеджмент және экономика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Еңбек жолын америкалық Chevron компаниясында бастады.
2004-2008 жылдары - «Маркетингтік зерттеулер орталығы» АҚ-да басшылық қызметтердің бірін атқарды.
2011-2014 жылдары ТОО «Al Falah Investment Management (Kazakhstan)» компаниясының Астана қаласындағы филиалын, Қазақстан-Әбу-Даби инвестициялық қорын басқарды.
2014-2016 жылдары «Бағалы қағаздардың бірыңғай регистраторы» АҚ-ға басшылық етті.
Чокин Таир Қанатұлы «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2011 жылы The Wharton School, University of Pennsylvania (Филадельфия, АҚШ) тәмамдаған.
2002-2006 жылдары Kazakhstan Institute of Management, Economics and Strategic Research (KIMEP) білім алды.
2016 жылы қаңтарынан бастап, «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2009-2011 жылдары Bank of America Merrill Lynch банкінде қызмет етті.
2014 жылы «Горное бюро» ЖШС жобалар бойынша директоры ретінде жұмыс істеді.
2009-2011 жылдары Royal Bank of Scotland (RBS)/Abn Amro Banк банкінде трейдер болып қызмет етті.