18 Қаңтар, 2017

Энергетика министрлігі бензин бағасының өсуін түсіндірді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аймақтардағы жанармай бағасының қымбаттауына байланысты біз Энергетика министрлігімен хабарласып, жағдайды түсіндіріп беруді сұраған болатынбыз. Министрлік өткен жылдың соңында АИ 92 маркалы бензиннің 1 литрінің бағасы 135-140 теңгенің аралығында болады деп ескерткенін айтады. Өйткені Қазақстан тұтынатын осындай маркалы бензиннің үштен біріне жуығын сырттан тасиды екен. Нақты айтқанда Ресейден. Әлемде мұнай бағасы тұрақтана бастаған соң, көрші мемлекет валютасы да нығая түскен. Сол себепті баға біршама көтерілген. Ал Ақмола облысында бензиннің бір литрінің бағасы 145 теңгеге дейін қымбаттап кетті. "Ресей рублінің өскенімен байланысты. Егер жаңа жылдың алдында ол 5,1-5,2 болса, қазіргі таңда ол 5,6-ға көтеріліп жатыр. Соған байланысты ол нарыққа әсер етіп отыр. Сондықтан баға осындай," - дейді ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдинов.