19 Қаңтар, 2017

Динаның домбырасы

1340 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
домбыра динаДомбыраны 1939 жылы шебер Арыстан Ермеков жасаған. Атақты күйші өзі тұтынған бұл құнды жәдігерді кейіннен музыкатанушы Болат Сарыбаевқа сыйға тартады. Қазір Ұлттық музейдің Қазақстан тарихы залында тұр. 9 жасында «домбырашы қыз» атанған Дина Нұрпейісова жасы 90-нан асып қайтыс болған. Күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы­на қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. «Дина 1870 жылы өнерде алғаш тұсауын кескен ұстазы Құрманғазы Сағырбайұлымен кез­деседі. Жас таланттың домбырада ойнауын қадағалап, бағыт-бағ­дарын байқаған дәу­лескер күйші одан бо­ла­шақта үлкен өнер иесі шығатындығына көзі жетіп, өзінің батасын берген екен. Дина Нұрпейісованың домбырада орындаушылық өнеріне қайран қалған композитор Ахмет Жұ­банов: «Дина ұзын да сүйріктей саусақтарымен домбыра пернесінде, сағағында небір алшақ пернелер аралықтарын ешбір мүлтіксіз алады. Симфония сазындай сиқырлы әуен 62 та­мырыңды бойлата, шымырлата, буырқана небір әсерге түсіреді» деген екен», дейді Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Ғалия Ақпан­бекова. Жетпістен асқан ша­ғын­да Дина Кенже­қызы күйлерін нотаға түсіріп, күйтабаққа жаз­дырып, 2 рет Одақ деңгейіндегі байқауға қатысқан. 1937 жылы халық өнерпаздарының республикалық сайысында бірінші жүлде алған Дина Нұрпейісова, 1939 жылы Мәскеуде ұй­ымдастырылған Бүкіл­одақтық х­а­лық аспаптары орын­дау­шыларының байқауында, ал 1944 жылы 83 жасында Орталық Азияның бес респуб­ликасы арасында Ташкент қаласында өткен өнер додасында жүлделі орындарға қол жеткізгені тарихтан белгілі. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»