19 Қаңтар, 2017

Кока-кола дегені сыра болып шықты

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасындағы «Жаңажол» бақылау-өткізу бекетінің (СҚО) шекара наряды елімізден Ресей Федерациясына қарай сапар шегіп бара жатқан «Вольво» жүк көлігін тоқтатқан еді. Жүргізуші көрсеткен жол­қағаз бойынша жүк көлігіне «Coco-Cola» сусындары тиел­ген екен. Бірақ, шекарашылар тексеру барысында жүк көлігінің қорабынан сусындар емес, керісінше, салмағы 10 тонна болатын «Kozel» сырасын анықтады. Сөйтіп, 47 жастағы қазақстандық азаматтың шекарашыларды алдамақ болған қулығы іске аспай қалды. Аталған іске қатысты материалдар СҚО ішкі істер департаментіне берілді, – деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.