Бұл ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш еді. Семейде 8 мектеп ұжымына автобус кілттері табыс етілді. Ата-аналар мен ұстаздар ауыл балалары үшін жасалып отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді. Мұның ішінде №10, 21, 34 және Озерка, Бұлақ, Пригород, Шақаман ауылдарының білім ошақтары бар.
– Әсіресе, ауыл балалары үшін мектепке қатынау енді қолайлы болады, – деді ауыл тұрғыны Арынбек Нұртаев, – бұрындары ескі автобус жиі сынып қалатын, оқушыларды жеткізу үшін көлік іздейтінбіз. Енді міне, бұл мәселе оңтайлы шешілді.
Мектеп мұғалімі Баян Аққалиеваның айтуынша, ауыл мектептерімен бірге қала мектептері де автобуспен қамтылып отыр. Бұл да бір игі іс. Бұдан бұрын төменгі сынып оқушыларын театр, цирк, музей сияқты мәдени орындарға жеткізу үшін адам автобустарға отыратынбыз. Енді міне, бұл олқылықтың орны толтырылды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Кеше