қалаларындағы ХҚО жүктемелерін көріп отыруға болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана мен Алматы қалалары ХҚО-ларының жүктемелерін бақылау мүмкіндігін жүзеге асырды. Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты парағында орналастырылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ» АҚ мемлекеттік қызметтер әдіснамасы және мониторингі департаментінің директоры Гүлжан Асанованың айтуынша, аталған сервис азаматтарға қолайлы болу үшін құрылған және олардың ХҚО-ға баруын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
«Осы диаграмма бойынша адам мейлінше тез қызмет алу үшін қай ХҚО-ға бару керектігін анықтай алады. Яғни, егер оған көші-қон саласы бойынша қызмет керек болмаса, уақытша тіркеу бойынша қызмет алушылар ағыны көп ХҚО-ға бару қажет емес, ол келушілер саны аз кез келген басқа Орталыққа жүгіне алады», дейді.
Сонымен қатар, Гүлжан Асанова әзірге тек Астана және Алматы қалаларындағы ХҚО-ларда жүктемені көруге болатынын, жақын арада Қазақстанның басқа да қалаларындағы ХҚО-ларында келушілер санын бақылау мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті. Ақпарат әр сағат сайын жаңартылады екен.
«Егемен-ақпарат»