19 Қаңтар, 2017

«Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының басшысы қызметінен босатылды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170118203120 Данияр Қағазбекұлы Еренчинов өз өтініші бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметінен босатылды.  Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгін, 18 қаңтарда, Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын өкілеттігін тапсырды. Мемлекеттік корпорацияның Директорлар кеңесі Данияр Қағазбекұлы Еренчиновтың отставкасын қабылдады», делінген хабарламада.