Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық қазақ ғылымының озық дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Аталмыш орталық халықаралық беделді ұйымдармен, әсіресе МАГАТЭ-мен тығыз байланыс орнатқан.
«Қазір орталық қауіпсіз ядролық реакторларды пайдалану жөнінде маңызды ғылыми жұмыс атқаруда. Тағы бір атқарылған шаруа, бұл – ядролық сұйық отынды өңдеу және ұзақ уақытқа сақтау», деді Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков арнайы өткен баспасөз мәслихатында.
– Бүгінде Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы бүкіл әлемге танымал. Орталық құрылғаннан бастап, ғылыми-техникалық база сақталып қана қоймай, аясы да кеңейді. Заманауи үлгідегі зертхана жабдықталды. Атом энергетикасы саласынан шетелдік әріптестеріміздің қатарында Жапония, Франция, Бельгиямен бірге, ҰЯО-ның тәжірибе базасында ядролық реакторларды зерттеудеміз. «Токамак» ядролық реакторын ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсету жобамызда бар, – дейді бас директор.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ