19 Қаңтар, 2017

Наурыз мерекесі мен Астана күндері төрт күннен демалыс беріледі

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.