19 Қаңтар, 2017

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Гранаткин турнирінің финалына шықты

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KZ Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (18 жасқа дейін) Гранаткин мемориалы турнирінің финалына шықты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Жартылай финалда Грекия құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасынан Айдос Орал қос бірдей доптың авторы атанды. Алдымен, 18-минутта пенальтиден есеп ашса, 49-минутта екінші голын салды. Ал гректерден шабуылшы Гиоргос Цоврас 58-минутта мергендігімен танылды. Бір айта кетерлігі жерлестерімізден жартылай қорғаушы Жанәлі Пайруз 42-минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Ал ақтық сында Ресей құрамасымен сынға түспек. Грекия өз кезегінде үшінші орын үшін Санкт-Петербургпен кездеседі. Қазақстан құрамасы бұған дейін турнирдің финалына шықпаған. 2012 жылы соңғы, 2014 жылы 16-орынды иеленсе, 2015 жылы 14 ұжымның ішінде 10-орынға тұрақтаған. Айта кетейік, Гранаткин турнирі ФИФА-ның бірінші вице-президенті Валентин Гранаткиннің құрметіне 1981 жылдан ұйымдастырылып келеді. Оған барлығы 16 команда қатысады.