19 Қаңтар, 2017

Америкалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
aleem Америкалық боксшы Эммануэль Алим (17-0-1, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) айқасқа шақырды. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Маған үлкен жекпе-жектер керек. Алдағы уақытта Головкинмен күш сынасып көрсем деймін. Оны жекпе-жекке шақырамын. GGG, саған қарағанда мықтырақпын. Сенен екі есе аз кездесу өткізсем де, жеңіске жететініме сенімдімін», – деді Алим. Айта кетейік, ол бұған дейін жеңілмеген украиналық Евгений Хитровты алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBC Silver белбеуін иемденген. Осы жеңісінен кейін WBC-дің чемпионы қазақстандық былғары қолғап шеберімен кездесуге мүмкіндігі туды.