19 Қаңтар, 2017

Бішкекте құлаған ұшақтың қара жәшігі Мәскеуге жіберілді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170119101235 Бішкек түбінде құлаған ұшақтың қара жәшігі бүгін таңертең Мәскеуге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы журналистерге Қырғызстан көлік және жолдар министрі Жамшитбек Калилов мәлімдеді. «Қара жәшіктер бүгін таңғы 7.30-да Мәскеуге жөнелтілді. Егер ондағы мәліметтер Мәскеуде оқылмаса, жәшіктер Францияға немесе АҚШ-қа жіберіледі», - деді министр. Оның айтуынша, 18 қаңтар күні Мемлекетаралық авиациялық комитеттің комиссиясы апат орнына тексеру жұмыстарын жүргізді. Бүгін де комиссия өз жұмыстарын жалғастырады. Еске сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Boeing-747 жүк ұшағы құлады.