Еліміздегі қонақүйлерге тоқтайтын шетелдік азаматтарды енді онлайн тіркеуге болады. Қызмет көрсетудің жаңа түрі келген қонақты бес минуттың ішінде ешқандай көші-қон қызметінің өкілдерінсіз қонақүйге тіркей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кетейік, бұл жүйе еліміздегі барлық қонақүйге міндеттеледі.
"Қонақтарды онлайн тіркеу жүйесі барлық елде бар. Сондықтан біз қазіргі уақытта әріптестерімізбен және басқа органдардағы қызметкерлермен біріге отырып, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте тіркеуді енгіздік", - деді ҚР ІІМ Көші-қон полиция департаменті басшысының орынбасары Еркін Байбатчин.
Оның айтуынша, шетел азаматтарын қонақүйге тіркеу қызметі тегін болады. Қонақ тіркелген соң оған электрондық нұсқадағы қағаз беріледі, яғни, шетел азаматы оны басып шығарып, паспортына тіркеп қояды.
ҚР ІІМ Сыртқы көші-қон басқарма басшысы Нұрғали Ристановтың айтуынша, Қазақстандағы барлық қонақүй шетел азаматтарын электронды портал арқылы тіркеуі керек. "Бұл ережелерді орындамаған қонақүйлерге қандай шараларды қолданатынымызды әлі шешпедік. Жақында ойластырып, шетелдік азаматтарды тіркемеген қонақүйлерге қандай жауапкершіліктің жүктелетінін хабарлаймыз", - деді Нұрғали Ристанов.
• 19 Қаңтар, 2017
Қазақстан қонақүйлері шетелдіктерді онлайн тіркейді

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Кеше