19 Қаңтар, 2017

ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департамент басшысы ауысты

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы ауысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. ҚР ҰҚК төрағасының 2017 жылғы 11 қаңтардағы бұйырғына сәйкес, Сәндібек Сапашұлы Қасенов ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Сәндібек Сапашұлы Қасенов 1968 жылы туған. 1992 жылы Қостанай педагогикалық институтын тәмамдаған. ҚР ҰҚК органдарында 1993 жылдың наурызынан бастап қызмет істеп келеді. Қызмет істеген жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР ҰҚК Орталық аппарат департаментінің басшысы болды. Аппарат отырысы барысында аймақ басшысы аталған департаменттің бұрынғы басшысы мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровты зейнет демалысына шығарып салды. Осы орайда облыс әкімі Қадырхан Махмұтұлының ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді.