Қазақстандық кәсіпқой боксшысы Фируза Шәріпова (2-1, 1 КО) биыл көктемде әлем чемпионы атағына таласады. Бұл туралы ол AllFight.Ru порталына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, жекпе-жекке дайындық Мәскеуде болады. Дегенмен кездесудің өтетін күні мен қарсыластың есімі әлі белгісіз.
«21 қаңтарда мен әлем чемпионы атағы жолындағы кездесуге дайындалу үшін Мәскеуге аттанамын. Жекпе-жек 2017 жылы көктемде өтеді деп жоспарланған. Мен өзімнің армандаған мақсатыма жақын қалдым - Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпион атанған боксшы қыз болғым келеді. Шаршы алаңға кіммен шықсам да, өз күшіме сенімдімін және жеңуге дайынмын. Менің формам жақсы деңгейде. Осы уақытқа дейін Таразда жаттығып жүрдім. Сондықтан басты жекпе-жек алдында етті қыздырып алу үшін қазірдің өзінде аралық рейтингтік жекпе-жекке бүгін шығуға да дайынмын», - деді Фируза Шәріпова.
Айта кетейік, Фируза Шәріпова Қазақстанда қыздар арасынан шыққан алғашқы кәсіпқой боксшы. Өзінің соңғы кездесуінде ол сербиялық Милена Матовичті үшінші раундта нокаудқа жіберген болатын.
• 19 Қаңтар, 2017
Фируза Шәріпова әлем чемпионы атағы үшін бәсекеге түседі

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Кеше